«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТУРА КЕЛГЕН АЖАЛДАЙ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің салалық бөлім басшылары жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, 2013 жылдың жартыжылдығында атқарылған жұмыстарын қорытындылады.

Төтенше жағдайлар мен өндірістегі қауіпсіздік бойынша бақылау басқармасының бастығы Балтабек Жетпісов алты ай ішінде облыстағы 62 кәсіпорынның қауіпті өндіріс алаңдарын қадағалаған кезде 717 заң бұзушылық әшкереленіп, олардың 49-на әкімшілік жаза қолданылғанын жеткізді. Жоспарлы тексерістер кезінде жиі орын алатын заңсыздықтар ретінде кәсіпорындарда ішкі өндірісті бақылау жүйесінің қалыптаспауын, қауіпті нысандарда жұмыс істейтін еңбеккерлердің кәсіби дайындығының төмендігін, қауіпті өндірісті атқарушы органдардың рұқсатынсыз іске қосуды, оқытылмаған немесе аттестаттаудан өтпеген қызметкерлерді жұмысқа алуды, қауіпсіздік құрал-жабдықтары бұзылған нысандардың жұмысын жалғастыруды атап көрсетті.

Ал өртке қарсы қызмет полковнигі Нұрлан Атығаевтың алға тартқан деректеріне сүйенсек, биыл өңір аумағында 399 өрт оқиғасы тіркеліп, одан 181 миллион 508 мың теңгенің материалдық шығыны келген. Биылғы өрт оқиғасы былтырғы жылға қарағанда 22 пайызға төмендеген. Алайда, өткен жылдың осы мерзімінде де, биыл да өрт оқиғасы кезінде 31 адам өмірімен қоштасқан. Оның жетеуі жас жеткіншек екендігі айтылды. Сондай-ақ ол мекеменің өрт оқиғасының алдын алу үшін атқарған жұмыстары мен бүгінгі таңда тілсіз жауға жол беріп отырған адами факторларды алға тартты. Өрт оқиғасы көп жағдайда қауіпсіздік ережелерін сақтамау және адамдардың өз ортасы мен жақындарына жауапсыздықпен қарауларының салдарынан деген ойын жеткізді.  

Көктем мен жаз мезгілдерінде судан құтқарушылар да тыным-толассыз. Олардың атқарған жұмыстары туралы суда құтқару қызметінің бастығы Виктор Держанский сөз етті. 2013 жылы облыстың 25 тұрғыны ажалын судан тапса, оның 4-уі бала болған. Суға батқандардың 41 пайызы Есіл өзеніне кеткен. Онда олар суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде өмірімен қоштасқан. Жалпы судан құтқару қызметінің мамандары биылғы жылы 62 адамды ажалдан құтқарып қалған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp