«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“УЧАСКЕДЕГІ ҚАБЫЛДАУДА” 1200-ден астам заң бұзушылық анықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Учаскедегі қабылдау” акциясының қорытындысы бойынша 1200-ден астам түрлі заң бұзушылықтың жолы кесілді.

Облыстың тәртіп сақшылары “Учаскедегі қабылдау” акциясын қорытындылады. Акция барысында полицияның учаскелік инспекторлары тұрғындармен кездесіп, олардың шағым ұсыныстарын тыңдады.

Акция шілденің 13-і мен 22-сі аралығында Петропавл қаласы мен облыстың барлық аудандарында өтті. Нәтижесінде тәртіп сақшылары 150-ден астам кездесу өткізіп, оларға 8500 адам қатысты. Акция барысында 262 шағым мен өтініш түскен, соның 75-і тұрғын үй маңын абаттандыруға қатысты. Учаскелік полиция бөлімшелеріне 600-ге жуық тұрғын келді. 111 арыз қабылданып, олар бойынша шара қолданылды.

“1200-ден астам түрлі заң бұзушылықтың жолы кесілді. Солардың ішінде қоғамдық тәртіпті сақтамау және есірткі заттарын заңсыз саудалау сияқты фактілер де кездесті, – деді СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Қайсар Канафин.

Акцияға учаскелік инспекторлардан басқа облыстың полиция басшылығы да қатысты. Мәселен, Петропавл қалалық ішкі Істер басқармасының №13 аймақтық полиция бөлімшесінде СҚО ІІД бастығының орынбасары Серік Ыдырысов 25 азаматты қабылдады. Олар ауладағы көлік тұрағы, ескерту белгілері жөніндегі мәселелерді қозғады. Тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдары тіркеуге алынды, олар жақын арада шешімін таппақ.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp