«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҚЫС ЛАҚТЫРҒАНЫ ҮШІН 10 тәулікке тұтқындалуы мүмкін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полицейлер ұсақ бұзақылық фактілерін анықтау мақсатында жұмысты күшейтті. 

Қызылжар АІІБ қызметкерлері қоғамдық орындардағы ұсақ бұзақылық фактілерін анықтау бойынша рейдтерді жиі өткізеді. Күн сайын аудан орталығы – Бескөлдегі адамдар көп шоғырланатын аумақтарды тексереді. Жыл басынан бері Қызылжар АІІБ учаскелік инспекторлары ұсақ бұзақылық жасаған 41 адамды әкімшілік жауапқа тартқан, солардың ішінде қоқыс тастағаны – 14 адам. Осындай әрекетке барғандар 3-тен 10 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуі немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік тұтқынға алынуы мүмкін. Ал егер ұсақ бұзақылық жасаған азамат осындай әрекеті үшін екінші рет қолға түссе, 15 тәулікке дейін тұтқынға алынады.  

Жыл басынан бері облыс бойынша 1103 құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауап берді. 400 адам қоқыс лақтырған.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp