«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«2011-2015 жылдарға арналған «Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарын бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 379 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 7-тармағы 4) тармақшасына, «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2011-2015 жылдарға арналған «Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарын бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №379 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген «2011-2015 жылдарға арналған «Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарында:

«Бюджеттік бағдарламалар» 7-бөлімі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы осы қаулының бұқаралық ақпарат құралдарында күнтізбелік он күн ішінде міндетті түрде жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі С. ЕСКЕНДІРОВ.

“Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы” ММ 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары www.dvp.sko.kz сайтында орналасқан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp