«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ алдағы өзгерістерге үміт артып отыр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бақытжан СӘМИЕВА,

облыстық мәслихаттың депутаты,

“Виктория” сақтандыру компаниясы” АҚ филиалының директоры.

Ауыл әкімдерін сайлаудың негізгі мақсаты – еліміздегі мемлекеттік басқарудың тиімді, жариялы үлгісін қалыптастыру. Үстіміздегі жылдың 7 тамызында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді. Онда алдына мақсат қоя алатын, өз көзқарасы бар, болашаққа жоспар құра білген адамдар сайланады деп ойлаймын. Сайлау – бәсекелі күрес. Ертең тұрғындар атқарған жұмыстарының есебін сұрайтын тұлғалар арасындағы күрес. Орталық пен өңірлердің арасындағы жауапкершілік пен өкілеттілікті бөлу жөніндегі нақты шаралар қабылданатын болады. Ауыл әкімдеріне айтарлықтай дербестік берілгенімен, сатылай бақылауды әлсіретпеу қажет. Олар шаруашылықтармен тығыз байланыс орнатулары керек. Ауылдың әлеуметтік саласындағы көп жағдай әкімнің жұмысына тәуелді. Ауыл қалай дамиды, жергілікті тұрғындар спортпен айналыса ма, жасыл желектерді қорғай ма – осындай ірілі-ұсақты жұмыстардың басында ауылдық округтің әкімі тұруы керек. Бір сөзбен айтқанда, әкім әрдайым жұмыс үдерісінде болса ғана ол өзін ауылдың иесі ретінде сезінеді.

Мен болашақта сайланатын ауылдық округ әкімдері инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға барлық жағдайды жасайды деп сенемін. Себебі, ауылға жақсы жол, өндірістік кәсіпорын, мектеп, клуб, кітапхана қажет.

Өкілеттілік қаржылық және кадрлық ресурстармен нығайтылмақ. Тұлға, оның міндеттері мен жетістіктері ұштасуы қажет. Әр шешімі, әр ісі, әр сөзі үшін асқан жауапкершілікпен қараса, бұл өмір салтына айналады. Азаматтық қоғам алдағы өзгерістерге үміт артып отыр. Әр сайланушы іс-әрекетінің адал болуына тырысып, өзін керек және қажет адам сезінуі керек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp