«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛЕКСАНДР ПОЛЯКОВ – екі дүркін әлем чемпионы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық спортшылар Болгарияда өткен әлем біріншілігінде тағы да ерледі. Байрақты жарыста алтын медаль жеңіп алған жерлес таэкван-дошы Александр Поляков екі дүркін әлем жеңімпазы атанды. 

София қаласындағы спорт сарайында 60 мемлекеттен 800 мықты таэквондошы бас қосқан сайыста Қазақстанның намысын 20 дарынды спортшы қорғаған болатын. Аталмыш сайыста ел құрамасы екі алтын, бір күміс жеңіп алды.
Бәсеке барысында солтүстікқазақстандық Александр Поляков пен Илья Хван жалпыкомандалық есепте күміс медальға да қол жеткізді.
Ересектер арасында таэквондо-дан өткен 18-ші бүкіләлемдік чемпионатта Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 5-орынға тұрақтаған. Келесі дүбірлі дода 2015 жылы таэквон-доның отаны – Солтүстік Кореяда өтпек.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp