«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛДА – ЖАҢА ТӨРАҒА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сенбі күні “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясы Петропавл қалалық филиалының кезектен тыс ХХІ конференциясы өтті. Конференцияға Петропавл қаласының әкімі Төлеген Закариянов, “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Арман Бердіғұлов, партияның бастауыш ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты.

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

“Нұр Отан” ХДП Петропавл қалалық филиалының кезектен тыс конференциясының күн тәртібіне қалалық филиал төрағасын сайлау мәселесі енгізілді. Берген өтінішіне сәйкес Болат Жұмабеков бұл қызметтен босатылды. “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының келісімімен бұл қызметке Петропавл қаласының әкімі Төлеген Закариянов ұсынылды. Ашық дауыс беру арқылы конференция делегаттары Төлеген Закарияновты “Нұр Отан” ХДП Петропавл қалалық филиалының төрағасы етіп бірауыздан сайлады.

Зор сенім көрсеткені үшін конференция делегаттарына алғыс білдірген Төлеген Қабыкенұлы алдағы уақытта Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, облыс орталығын көркейту бағытында атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды. Бұл істе партия мүшелерінің қатарын көбейту, олардың белсенділігін арттыру, ортақ мүдде жолында жергілікті билік органдарымен бірлесе іс-әрекет ету қажеттігін атап көрсетті.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp