«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫРКҮЙЕКТЕ – СУШЫЛАР ҚОНЫСТОЙЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Уәлиханов ауданындағы “Мөлдір су” МКК-сі таза ауызсуды 16 елді мекенге, 35 мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындарға жеткізіп отыр. Коммуналдық шаруашылық салалық бағдарлама бойынша бүгінде орталық су құбыры арқылы 400 тұрғын үйді ауызсумен қамтамасыз етеді. Егер бұл мекеме арқылы таза су ішіп отырғандар саны 14316 адам деп есептесек, бұл барлық тұрғындардың 89,3 пайызын құрайды.

“Мөлдір су” кәсіпорнында 95 адам еңбек етеді. Олардың 30-ның өз баспанасы жоқ. Сондықтан биыл кәсіпорын әкімшілігі қызметкерлерін тұрақтандыру, оларды жұмысқа ынталандыра отырып, жауапкершіліктерін арттыру, ең бастысы – еңбеккерлердің әлеуеттік жағдайын жақсарту мақсатында екі қабатты екі тұрғын үйдің құрылысын бастады.

– Жаңа үйлер ведомостволық болмақ. Пәтерлер үйсіз жүрген қызметкерлерге, отбасы мүшелерінің көбеюіне байланысты тұрғын үй аумағын үлкейтудің кезегінде тұрғандарға, жас мамандарға беріледі. Құрылыс кәсіпорынның өз инвестициясына салынуда. Алдын ала жасалған жоба бойынша 70 миллион теңге керек деп күтілген еді, бірақ, құрылыс басталғаннан кейін біраз үнем жасайтынымызды аңғардық. Өйткені жұмыс күші – өзімізден, техника – мекеменікі, кәсіпорын еңбеккерлері құрылыс басында жиі сенбіліктер ұйымдастыруда. Біз тек құрылыс материалдарын сатып алып жатырмыз. Осындай білек біріктірген бірлікпен бой көтеріп қалған құрылысымыздың қарқынына қарап, биыл қыркүйек айында бір үй қолданысқа беріліп, 12 үй иесі қоныстойын тойлайтын болады, – дейді кәсіпорын директоры Талғат Дүйсенбеков.

“Мөлдір су” МКК – ауданда ауызсумен, жылумен және кәріз су шығарумен айналысатын мекеме. Олар су құбырлары тартылмаған жеке секторларға көліктермен су тасып та қызмет көрсетеді. Олардың тұтынушыларының арасында айлап қарызға батып жүргендер жоқтың қасы. Жұртқа сапалы қызмет көрсетуді мақсат тұтатын кәсіпорын кадр мәселесіне үлкен назар аударады, сол себепті еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайымен санасу игілікті шара. Сондықтан тұрғын үймен қамтамасыз ету үдерісі болашақта да жалғасын табады.

Суреттерді түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp