«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРЛЕРДЕН “АЛТЫН ҚОР” ҚҰРЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік іскер әйелдердің “Алтын қоры” құрылмақ. Бұл жайында облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиева белсенді нәзік жандар жиналған кездесуде мәлім етті.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Бұл жолғы кездесу әдеттегіден ерекше өтті. Іскер әйелдер қауымдастығы бүгіндері құрметті еңбек демалысында жүрген аға буын өкілдерінің басын қосты. “Есіл” мейрамханасының банкет залына жиналған нәзік жандар бір дастарқан басында өзара сұхбат құрды. Жиында іскер әйелдер қауымдастығы жанынан “Алтын қордың” құрылатындығы жайлы айтылды. Ондағы мақсат көпті көрген ақ жаулықты аналардың кеңесіне құлақ түріп, олардың өмірлік тәжірибесін кәдеге жарату болып табылады.

“Алтын қор” тізімін бастағандардың дені – саналы өмірін өңірдің өсіп-өркендеуіне еңбек сіңірген әйелдер. Еңбек ардагері, №6 Қожаберген жырау атындағы қазақ мектебінің директоры болып қызмет еткен, қазіргі таңда облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әдия Ахметова, “Мақсат” ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Сақып Құсайынова, заңгер Қарлығаш Ахметова, Қызылжар ауданының Құрметті азаматы Мария Батаева, бірнеше жыл қатарынан басшылық қызметтер атқарған Зинаида Беева, Нелли Иванова, Раиса Қасымова, Галина Котельникова, Лариса Орловская, Сара Тасеменова, Рахима Шаймолдина және тағы басқалар бар. Жаюлы дастарқан басынан дәм татқан нәзік жандар жетістікке жетудің жолдары, қызкеліншектер өз істерін ашу үшін не қажет, бүгінгі және өткен заманның әйелдерінің айырмашылығы тақырыптарында әңгіме өрбітті. Құрметті қонақтарға арнап ән шырқалып, олар кездесу соңында естелік суретке түсті.  

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp