«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСПАНЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ЕМДЕГЕН ЖӨН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Баспа – көптеген адамдарда кездесетін ауру. Ол көмейдегі бадамша бездерінің қабынуынан болатын жұқпалы дерт. Оның қоздырғышы – стрептококк бактериясы.  

Ботагөз АЙТБАЕВА,

дәрігер.

Баспа адам ағзасының түрлі жұқпалы вирустарға қарсы тұру қабілеті төмендегенде, суық тигенде, дәрумендер жетіспегенде, шаршағанда пайда болады. Баспа бадамша бездерінің ісініп, жұтқыншақтың қызаруымен басталады. Тамақ құрғап, жұтындырмайды. Тамақ бездері ісініп, қол тигізбей ауырады. Дене қызуы көтеріліп, бас ауырады, буын сырқырайды, адам дел-сал болып әлсірейді. Ауру асқынғанда бадамша бездері қабынып, ақшыл сары ірің пайда болады.  

Баспаны дер кезінде емдемесе, құлаққа өтуі мүмкін. Мұндай баспа өзінен-өзі жарылады, кейде оған ота жасауға тура келеді. Баспаның жедел өтетін және созылмалы түрлері бар. Сырқатты емдемесе, ауру бүйрекке, жүрекке, тағы басқа ағзаларға шабуы мүмкін. Сондықтан дерттің алғашқы белгісі білінісімен, дәрігерге жедел көрініп, созылмалы түрге өткізбей емделу қажет. Баспамен ауырғанда міндетті түрде жатып емделу қажет. Тамақты жылы ұстап, сұйық тағам ішіп, тамақты жиі-жиі тұз және сода ерітінділерімен шайып, антибиотиктер ішу керек. Баспаның алдын алуда дене шынықтырудың, спортпен шұғылданудың маңызы зор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp