2013 жылғы 1 шілдеге облыста жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 69,8%-ын ер адамдар басқарады.
Атап айтқанда, 2013 жылғы 1 шілдеге облыста жұмыс істеп тұрған 5465 заңды тұлға болса, олардың 3816 ер адамдар басқарады.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 4766-сы – шағын (жұмыскерлер саны 50 адамға дейін), 630-ы – орта (51-250 адам) және 69-ы – ірі кәсіпорындар (250 адамнан артық). Ерлер басқаратын кәсіпорындар сәйкесінше 3319 (69,6%) – шағын, 434 (68,9) – орта және 63 (91,3%) – ірі шаруашылық кәсіпорындар.
Еркек басшылар электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында – 100,0%; сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 93,9; кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 92,9; ауыл, орман және балық шаруашылығында – 91,3; құрылыста – 88,6%.
Білім беру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар салаларында басшы ерлер 50%-дан кем.
Облыстық Статистика департаменті.