«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИАТЛОНШЫЛАР БӘСЕКЕСІ ЖАЗДА ДА БОЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Борки кентінде жазғы биатлоннан облыстық ашық біріншілік аяқталды. Дүбірлі додада Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының 45 спортшысы сайысқа түсіп, бақ пен бап таластырды.

Биатлоншылар сайыс ережесі бойынша нысананы көздеп, тимеген нысана санына сай айып шеңберін айналып, 500 метр қашықтықты жүгірді. Екі күнге созылған доданың қорытындысы бойынша жарыстың бірінші күні кросс пен нысананы көздеп атуда сынға түскендер ішінде 2000 жылы туғандар арасында Юля Захарова (Петропавл қ.) мен Сергей Ритаров (Балқашино қ.), 1998-1999 жылдары туғандар арасында Альмира Қасымова мен Александр Мухин (Балқашино қ.), 1996-1997 жылдары туғандар арасында Людмила Званицкая мен Владимир Рябков (Теміртау қ.), 1995 жылдары туғандар арасында Марина Вострикова мен Станислав Гернер (Петропавл қ.) алтыннан алқа тағынды.

Ал сайыстың екінші күні командалық спринтке қатысқандар арасында Владимир Еремин мен Иван Анастасияди (2000 ж.ж.), Александр Мухин мен Елена Рейтарова (1998-1999 ж.ж.), Алтын Ағатаева мен Рустам Набиулин (1996-1997 ж.ж.), Иван Пекущий, Станислав Гернер және Марина Вострикова (1995 ж.ж.) үздіктер қатарынан көріне білді.

Бәсекеде жеңімпаз атанғандар Щучье қаласында өтетін ел біріншілігіне жолдама алды.

(Өз тілшімізден.)

Суреттерді түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp