“Салымшының зейнетақы салымдары туралы анықтамасы” – электронды қызмет көрсетудің кең тараған түрлерінің бірі. Құжаттарды қабылдау “Электронды үкімет” порталында онлайн-режімінде жүзеге асырылады. Салымшының қаржысының түскендігі және қозғалысы туралы ақпаратты алу үшін өтініш білдіруші www.egov.kz порталында тіркеліп, электронды сандық қолтаңбаға ие болуы тиіс. Салымшының қаржысының түскендігі және қозғалысы туралы ақпаратты беру қызметін www.egov.kz порталындағы “Танымал электронды қызметтер” бөлімінен алуға болады. Өтініш білдіруші электронды сұрау салудың қажетті бағанын толтырған соң өзінің жеке электронды сандық қолтаңбасын толтырады.
“Электронды үкімет” порталы арқылы өтініш беру өте оңай және жайлы, кезек күтіп, уақыт кетіру қажет емес. Салымшының зейнетақы салымдары туралы ақпарат мәліметтердің мемлекеттік базасынан автоматты түрде алынады.
Сондай-ақ бұл қызмет түрі туралы ақпаратты call-орталық арқылы (тел.: 1414) біле аласыздар.
Халыққа қызмет көрсету орталығы.