«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ және ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өнеркәсіп. 2013 жылғы қаңтар-маусымда облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 67,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді немесе 2012 жылғы сәйкес кезеңге 104,5%-ды құрады.

Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 37,6%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 4,7%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 4%-ға өсті. Сумен жабдықтау және кәріздік жүйеде 3%-ға кему атап өтілді.

Индустрияландыру картасының жобасын жүзеге асыру есебінен сүт өнімдерінің өндірісі (1,6 есе), пластикалық мұржалар мен түтікшелер (2,8 есе), ет және тағамдық өнімдер (23%-ға), рапс майын (1,9 есе) өндіру айтарлықтай өсті.

Үстіміздегі жылғы мамырдан бастап 2012 жылы пайдалануға берілген жел генераторлары электр қуатын өндіре бастады.

Ауыл шаруашылығы. ҚР Статистика агенттігінің алдын ала бағалауы бойынша облыста 29,9 млрд. теңгенің өнімі (қызметі) өндірілді немесе 2012 жылғы қаңтар-маусымға 107%-ды құрады.

Өткен жылға қарағанда сиырлардың саны 7,2%-ға, қой – 7,7, ешкі – 10,4, жылқы – 1,8, құс басы 7,3%-ға өсті.

Жыл басынан 34,3 мың тонна мал және құс еті өндірілді немесе 2012 жылғы қаңтар-маусымдағыдан 5,5%-ға артық болды, сүт – 208,2 мың тонна немесе 6,2%, жұмыртқа 235,1 млн. дана немесе 16,9%-ға артық.

Құрылыс. 2013 жылғы қаңтар-маусымда 5,8 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары (қызметтері) орындалып, 2012 жылғы қаңтар-маусымға 106,6%-ды құрады.

2013 жылғы қаңтар-маусымда элеватор, мемлекеттік мекеменің ғимараты, сүт өндірісі бойынша мал шаруашылығы кешені, көкөніс, жеміс және картоп сақтау орны, стоматологиялық кабинет, автомобильдерге арналған гараж, офис, АТС, жем, астық сақтау орны, мәдени-сауықтыру кешені, дәмхана, автомобильдерге қызмет көрсету және жөндеу стансалары, жанар-жағармай құю стансасы пайдалануға берілді.

Жалпы аумағы 26189 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, ол 2012 жылғы қаңтар-шілдеге 100,3%-ды құрады. Жұртшылық қаражаты есебінен 24754 шаршы метр (жалпы көлемнің 94,5%), бюджеттік қаражат есебінен 350 ш.м. (1,3%), кәсіпорындардың өзіндік қаражаты есебінен 1085 шаршы метр (4,02%) пайдалануға берілді.

Сауда. Бөлшек сауда көлемінің өсім қарқыны 2013 жылғы қаңтар-маусымда 130,1%-ды құрады. Бөлшек сауда жүйесі арқылы 47,1 млрд. теңгенің тауары өткізілді.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарларды өткізу 71,9%-ды алса, азық-түлік өткізу 28,1%-ды құрады.

Азық-түлік емес тауарлар айналымында 10,5%-ды жанармай өткізу, 5,6% – дизель отыны (газойл), сұйытылған пропан және бутан, сондай-ақ 4,1%-ды автомобильдер мен жеңіл автокөлік жабдықтары алады.

Сауда жасау кәсіпорындары 27 млрд. теңгенің тауарларын өткізді (2012 жылмен салыстырғанда 18,1%-ға өсті), базарларда және жеке кәсіпкерлерде 20,1 млрд. теңгенің тауары сатылды (өсім 50,8%).

Инвестициялар. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 30,9 млрд. теңгемен бағаланады, өсім қарқыны 2012 жылғы қаңтар-маусымға 114,5%-ды құрады.

Бюджеттік қаражаттың инвестицияға үлесі 2012 жылғы қаңтар-маусымдағы 13,3%-дан 2013 жылғы қаңтар-маусымдағы 19,6%-ға дейін өсті, өзіндік қаражаттар 72,0%-дан 72,6%-ға дейін.

2013 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылғыдай инвестицияның барынша қомақты ағыны ауыл шаруашылығына (55,6%), өнеркәсіпке (10,5%), көлік және қоймалауға (11,3%) бағытталды.

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2013 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) белсенді 21915 субъектісі 122,2 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті. Өсім қарқыны 100,1%-ды құрады.

2013 жылғы 1 шілдеге ШОК аясында 98,8 мыңнан артық адам қамтылды (2012 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда 0,3% артық). Шаруа (фермер) қожалықтарында (2,2%-ға), жеке кәсіпкерлерде (1%-ға) еңбекпен қамтылғандар санының өскені тіркелді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp