«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІР ЖАСТАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жыл басына облыстағы жастар саны (15-30 жас арасындағы тұлғалар) – 133,9 мың адам. Бүгінгі күні жастар облыс халқының 23,1%-ын құрайды.

Жалпы жастар санында ерлер 52%-ды немесе 69,6 мың адамды, ал әйелдер 48%-ды немесе 64,3 мың адамды құрайды. Жастардың 43,3%-ы қалалық елді мекендерде, 56,7%-ы ауылдарда тұрады.

Жастар үшін ерлердің санының әйелдерден артық болуы сипат алған. Егер облыс бойынша 1000 ер адамға 1100 әйелден келсе, 15-29 жастағылар арасында 1000 ер адамға 924 әйелден келеді.

2012/13 оқу жылында облыста жалпы білім беретін күндізгі 596 мектеп жұмыс істеді. Жастардың жалпы санында 14 және одан жоғары жастағы оқу оқитындар 22,2 мың адамды (29,6%-ды) құрады. 2012 жылы мектепті бітірген оқушылар санында 7,5 мың адам негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік, 5,2 мың адам – орта білім туралы аттестат алса, олардың 0,7%-ы (36 адам) мектепті “Алтын белгімен” бітірді.

2012/13 оқу жылының басына облыста 26 колледж және 2 кәсіби-техникалық мектеп жұмыс істеп, оларда 16,1 мың адам білім алды. Оқушылардың жалпы санынан 92,5%-ын 14 пен 30 жас аралығындағылар құрайды. 2012 жылы 320 жас немесе жалпы оқу бітіргендердің 6%-ы үздік дипломмен аяқтады.

2012/13 оқу жылының басына облыста жоғары 2 оқу орны жұмыс істеді. Студенттердің жалпы саны 7,2 мың адамды құрады. 14 пен 30 жас аралығындағы жастар саны 6,8 мың адамды немесе 94%-ы құрады. 2012 жылы жоғары оқу орындарын бітіргендер саны 2,2 мың адам, олардан 271 студент немесе 12,4%-ы үздік дипломға ие болды.

Көші-қон үдерісіне жастар белсенді қатысуда. Көшіп келгендердің ішінде де, көшіп кеткендердің ішінде де (сәйкес мерзімдегі халықтың 1000 адамына шаққанда) жастардың көшу қарқыны жоғары. 2012 жылы көші-қон қарқыны – 8,4 – промилле. Жастар арасында бұл көрсеткіш 15,6 жетеді.

Жастар санының қысқаруы жалпы тұрғындар санына қарағанда барынша жоғары қарқынмен жүруде. Өткен жылмен салыстырғанда 2013 жыл басына жастардың саны 3,2%-ға қысқарса, барлық тұрғындар саны – 07%-ға, 2009 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 11,5%-ға және 3%-ға кеміген.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp