«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс кәсіпорындарының 2012 жылғы инновациялық белсенділігі 10,4%-ды құрады.

2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 947 кәсіпорындарының инновациялық қызметіне статистикалық байқау жүргізілді. Есепті кезең ішінде 98 шаруашылық жүргізуші субъектісі технологиялық инновацияларға ие болды (2011 жылы – 11 кәсіпорын).

Инновациялық өнімнің көлемі 6 098,3 млн. теңгені құрады, инновациялық сипаттағы қызметтер 37 млн. теңгеге көрсетілді. Өндірістік кәсіпорындардың өткізілген инновациялық өнімдері арасында қайта енгізілген немесе елеулі технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімдердің үлес салмағы едәуір – 85,1%, жетілдірілген өнімдер 3,8 және басқа инновациялық өнімдер 11,1% құрады.

Талдау кезеңі ішінде технологиялық инновацияларға жұмсалған күрделі және ағымдағы шығындар 13 985 млн. теңгені құрады (2011 жылы – 184,9 млн. теңге). Сонымен қатар технологиялық инновациялармен байланысты машиналар мен жабдықты сатып алуға шығындар 69,6%, жаңа өнімдерді, өндірістік үдерістерді зерттеуге және әзірлеуге 18,7% бағытталды.

Инновациялық жобаларға инвестиция салудың негізгі үлесіне кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 50,4%, кредиттер мен қарыздарды алу арқылы 39,4% жатады.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp