2013 жылғы 1 шілдеге алдын ала деректер бойынша нарықта белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны облыста 21915 бірлікті құрады, оның ішінде 75,6% – жеке кәсіпкерлер, 13,8% – шаруа қожалықтары, 10,6% – заңды тұлғалар.
2013 жылғы 1 шілдеге шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 98,8 мыңнан асты. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда еңбекпен қамтылғандардың саны 0,3 пайызға өсті.
2013 жылғы қаңтар-маусымда барлық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім және көрсетілген қызмет 122 207 млн. теңгені құрады, ол былтырғы жылғы деңгейден 0,1%-ға артық.
Облыстық Статистика департаменті.