«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, үстіміздегі жаңа оқу жылы 2013 жылдың 1 қыркүйегі – Білім күнінде өңіріміздің барлық жалпы білім беретін оқу орындарында “Стратегия – 2050”: бір халық – бір ел – бір тағдыр” тақырыбына арналған салтанатты сапқа тұру шарасымен ашылады.

Жаңа 2013-2014 оқу жылындағы сабақтар 2 қыркүйектен басталады. Алдын ала мәліметтер бойынша, облыс мектептерінің табалдырығын дайындық деңгейлеріне қарамастан, алты (жеті) жасқа толған 7471 бүлдіршін алғаш рет аттағалы отыр.

Мектеп жасындағы балаларды қабылдау ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 19 қаңтарда бекітілген қаулысына сәйкес бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім беруге жаппай оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік Ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Бірінші сыныпқа қабылдау үшін ата-анасы баласының қажетті құжаттарын мектепке тапсырады.

Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде білім беру ұйымдары емтихандар, тестілеу, сынақ конкурстар өткізбейді.

Үстіміздегі жылы бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім беруге жаппай оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары ҚР Үкіметінің №1080 қаулысымен бекітілген жаңа Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім беру стандартына, ҚР Білім және ғылым министрлігінің №500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім беру типтік оқыту жоспарына сәйкес жұмыс істейді. Бұл стандарт 12 жылдық білім беруді енгізуге байланысты қабылданып отыр, сондықтан ол өтпелі құжат болып табылады.

Елімізде көп тілде білім беруді енгізуге байланысты жаңа оқу жылынан 1-сыныптан бастап ағылшын тілі оқыту бағдарламасына кіреді.

Оқыту бағдарламалары барлық сыныптарда 2013-2014 оқу жылында білім беру ұйымдарында рұқсат етілген оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге, оқу құралдары мен қосымша әдебиеттерге, соның ішінде электрондық тасымалдаушыларға сәйкес жүргізілетін болады. Олардың тізімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің жыл сайынғы бұйрығымен бекітіледі.

Күлпаш ҚАЛҒОЖИНА,

облыстық Білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта

білім беру бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp