«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ екінші орын алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қостанай облысының аумағында қысқа толқындағы радиобайланыстан Қазақстан Республикасының ашық біріншілігі өтті. Қазақстанның Радио спорты және радио әуесқойлары федерациясының мұрындық болуымен өткен сайысқа Петропавл, Астана, Қарағанды, Атырау және Қостанай қалаларының радиоәуесқойлары қатысты.
Аталмыш сайыс Қостанай қаласының сыртындағы жазық далада өткізілді. Жарыста өңір намысын қорғаған Станислав Стаханов пен Виктор Филипенко 8 сағаттың ішінде 800 рет радиобайланысқа шығып, американдықтармен, австралиялықтармен, жапондықтармен және Еуропа елдеріндегі әріптестерімен байланыс орнатты. Ал дода жеңімпаздары болса осы уақыт ішінде 900 мәрте радиобайланысқа шыққан.
Сайыс қорытындысы бойынша Қостанай қаласы – бірінші, ал солтүстікқазақстандықтар мен Қарағанды қаласының құрамалары екінші және үшінші орындардан көрінді.

облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp