Елбасы Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру, Президенттің “Нұр Отан” ХДП Саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысында және ҚР Бас прокуратурасының алқа жиынында берген тапсырмаларын орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан Көлік прокуратурасы мен Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы “Атамекен Одағы” ЗТБ СҚФ кәсіпкерлер құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты және сыбайлас жемқорлықпен күресті нығайту туралы меморандумға қол қойды.
Алдағы уақытта екі жақ келісім негізінде көлік және көліктік инфрақұрылым кәсіпорындарының ұжымдарымен кездесіп, кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінен қабылдау жүргізетін болады.
Солтүстік Қазақстан Көлік прокуратурасы.