«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ және қоғамдық-саяси дамуының өзекті мәселелерін үздік көрсетуге арналған облыстық конкурстың ЕРЕЖЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1. Жалпы ережелер

1.1. Конкурс жыл сайын Солтүстік Қазақстан облысының бұқаралық ақпарат құралдары журналистерінің, республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілерінің, баспасөз қызметтерінің, мемлекеттік органдардың интернет-сайттарының, бұқаралық ақпарат құралдарында материалдары жарияланған авторлар (штаттан тыс тілшілер) арасында өткізіледі.

1.2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бастамасымен, ҚР Журналистер одағының Солтүстік Қазақстан филиалының қолдауымен өткізілетін конкурстың ұйымдастырушысы және үйлестірушісі – Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы.

1.3. Конкурс жеңімпаздарына “Қызылжар жұлдызы” белгісі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің сыйақысы табысталады. 

2. Конкурстың мақсаты

2.1. Конкурс мына міндеттерді шешуді көздейді:

1) Қазақстан журналистикасын дамытудың оң векторын қалыптастыру, БАҚ журналистерінің кәсіби-шығармашылық деңгейі мен белсенділігін арттыру;

2) әлеуметтік маңызы бар өңірлік мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру жөнінде қоғамды ақпараттандыру деңгейін арттыру.

3. Конкурсты ұйымдастыру

3.1. Конкурсқа Солтүстік Қазақстан облысының бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, республикалық БАҚ-тың және интернет-сайттардың меншікті тілшілері қатыса алады.

3.2.Телевизиялық хабарлар, конкурсқа арналған сюжеттер СD/DVD дискілерде қабылданады. Баспасөз туындылары газетке жарияланған (көшірмелерімен) альбом түрінде немесе файлдары жазылған папкалар (материалдың атауы, баспасөзде радиода немесе телехабар жарияланған күні мен нөмірі көрсетілген). Интернет-сайт материалдары скриншоттарымен бірге жолданылуы керек.

3.3. Конкурсқа ұсынылған материалдарды конкурстық комиссия бағалайды. Оның құрамында жеті адам бар.

3.4. Мемлекеттік органдардың өкілдері, журналистика ардагерлері, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері, тағы басқалары конкурстық комиссияның мүшелері болып табылады.

3.5. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу мақсатында СҚО Ішкі саясат басқармасының жанынан ұйымдастыру комитеті құрылады.

4. Конкурстың аталымдары

4.1. Конкурс облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының өзекті мәселелерін үздік көрсету үшін өткізіледі.

4.2. Аталымдардың тақырыбын ұйымдастыру комитеті бекітеді.

5. Конкурсқа ұсынылатын материалдарға қойылатын талап

5.1. Конкурсқа қатысуға 1 қаңтардан 1 желтоқсанға дейінгі кезеңде мемлекеттік және орыс тілдерінде жарық көрген баспасөз БАҚ-тары мен Интернет-ресурстардағы мақалалар, телерадио хабарлары мен бағдарламалары қабылданады.

5.2. Өтінімдер және конкурс туындылары 1 желтоқсанға дейін ұйымдастыру комитетіне (Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 407-кабинет, тел.: 46-55-95) мынадай құжаттармен қоса қабылданады:

1) төмендегі деректер көрсетілген өтініш:

авторы туралы ақпарат (тұрған жері және туған жылы);

оқу, жұмыс орындары қызметі; тұрақты тұрғылықты жері; байланыс телефоны;

2) газеттер мен журналдардағы жарияланымдарының көшірмелері, DVD, CD дискілер форматындағы дискілерге жазылған Интернет ресурс, теле, радио хабарлардың көшірмелері.

5.3. Конкурсқа жіберілген материалдар авторларға қайтарылмайды;

5.4. Конкурсқа ұсынылған материалдар мынандай талаптарға сай болуы керек:

көтерілетін мәселелердің өзектілігі;

материалдарды жүзеге асырудың кәсіби сапасы;

тұрғындарды Солтүстік Қазақстан облысының оң бейнесін қалыптастыруға бағдарлау.

Конкурс жеңімпаздарын анықтағанда қосымша мына мәселелер ескеріледі:

дәлелдеу және баяндау сапасы, тақырыпты ашу тереңдігі;

көркемдік, дәлдік, тақырыпты ашу ауқымдылығы және материалды баяндау қолжетімділігі;

журналистиканың этикалық қағидаттарына сәйкестік;

материалды беру ерекшелігі.

Ұсынылған материалдарға рецензия жазылмайды және қайтарылмайды.

6. Қорытындыны өткізу және шығару тәртібі

6.1. Конкурсқа ұйымдастыру комитетіне ұсынылған материалдар конкурстық комиссияның мүшелеріне жіберіледі. Конкурстық комиссия 7 адамнан тұрады.

6.2. Конкурс қорытындысын конкурс комиссиясы шығарады және бекітеді. Аталымды беру жөніндегі шешім конкурс комиссиясының отырысында, оның кем дегенде 2/3 құрамы болған жағдайда көпшілік дауыспен қабылданады.

6.3. Нақты аталым бойынша сыйақыға лайықты үміткер болмаған жағдайда комиссия қаражатты басқа аталымға немесе ынталандыру жүлделеріне бөлу жөнінде шешім қабылдауға құқылы.

6.4. Бір талапкер екі не одан да көп аталымдарға ұсынылмайды.

6.5. Комиссия мүшелері конкурсқа қатыстырылмайды.

6.6. Конкурстың қорытындысы облыстық “Солтүстік Қазақстан” және “Северный Казахстан” газеттерінде желтоқсан айының соңында жарияланады.

6.7. Конкурс комиссиясы қосымша аталымдарды тағайындауға құқылы.

7. Конкурсты өткізу және қорытындысын шығару ережесі

7.1. Конкурс үш кезеңде өтеді:

1) Тамыздың 1-і мен желтоқсанның 1-і аралығы – конкурсқа қатысушылардың материалдары қабылданады.

2) Желтоқсанның 2-сі мен 15-і аралығы – жолданған материалдар тексеріліп, жеңімпаздар анықталады.

3) Желтоқсан айы – конкурс жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp