«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕХНОРОБОТТАР ТАМСАНДЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында “Технороботтар” көрмесі өтуде. 

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бұл көрмеге бас сұқсаңыз, электронды әлемде жүргендей күй кешесіз. Есіктің дәл жанына жайғасқан динозаврлар мен мультимедиалық роботтан бастап, өткен ғасырдың атақты әншісі Элвис Преслидің көшірмесіне дейін көңіліңізді баурап алады. Қазақстанның 8 қаласында болып үлгерген көрмеге технороботтарды дайындаған адам Алматыда тұрады. Өзінің аты-жөнін жариялауға тыйым салыпты.

Балаларды болашақтан келген қонақтармен таныстырып жүрген көрме менеджері Денис Юн мұндағы әр еңбектің тапқырлықпен, ізденіспен жасалғанын айтады. Мәселен, олардың барлығы пластиктен, металдан, алюминийден жасалған. Роботтар батареялардың негізінде адамның қозғалысы, сылап-сипауы негізінде команда беру арқылы қимылдайды. Көрмеге жиналған балаларды шимпанзе қатты қызықтырды. Бұл жануар өзіне тән түрлі дыбыс шығарып, қозғалады. Ал, бала күтуші кейпіндегі пандаробот ағылшын тілінде сайрап тұр. Арнайы құралдың негізінде команда беру арқылы балаларға ертегі айтып, ағылшын тілінде сөздерді жаттауға көмектеседі. Қыздар кішкентай динозаврлардан көз алмайды. Өйткені, бұл жануарлар өздерін мәпелегенді ұнатады, тура сәбилер сияқты. Ересектер де көрмеден жақсы әсер алмай қайтпайды. Элвис Преслимен қосылып, караоке айтуыңызға болады. Әнші-роботтың көшірмесі саусақпен санарлықтай, көрме иесі оның бір данасын Америкадан алдырту үшін біраз тер төккен екен, тапсырысын бірнеше ай бойы күтіп, ақыры Элвис қазақстандықтардың назарына ұсынылды. Американың “Звездные войны” фильмі негізінде жасалған роботтар түрлі жаттығу көрсетумен қатар билей де алады. Сөрелерден орын алған күзетші роботты жапондықтар үй күзету мақсатында пайдаланады. Ол бейнетаспа арқылы барлық жағдайды жадыға сақтап, оқыс оқиға болған тұста дабыл қағады.

Жапондық фирмалар ойлап тапқан роботтар бүгінгі күні барлық салада пайдаланылады. Соның бір мысалы ретінде жуырда ғалымдар пирамиданың ішін зерттеу мақсатында роботтың көмегін қолданған екен. Әсіресе, медицина саласында роботтарға сұраныс көп. Жапондықтар оларды тіпті, бала күтуші, үй жинаушы ретінде ұстайды.

Аталмыш көрме тамыздың ортасына дейін жұмыс істейді.

Суретті түсірген  

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp