«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2013 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАУСЫМДАҒЫ ӨНЕРКӘСІП ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылғы қаңтар-маусымда облыстың өнеркәсіптік өндіріс өсімінің қарқыны жалпы республикалық деңгейден 2,7 пайыздық пунктке жоғары болды.

Жыл басынан бері қолданастағы бағамен 67,9 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімдері өндіріліп (шағын кәсіпорындар мен қосалқы өндірісті қоса), ол 2012 жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 4,5%-ға артық болды.

Өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнім көлемі 49,1 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылғы сәйкес кезеңдегіден 4,7%-ға ұлғаюмен жалпы өніркәсіптік өндіріс көлемінің 72,4%.

Өңдеу өнеркәсібінің айтарлықтай үлесін тамақ өнімдерін өндіру (62,3%) алады. Рапс майы (1,9 есе), өңделген сүт және кілегей (1,7 есе), құс еті (47,2%-ға), торттар және кондитерлік өнімдер (28,2), ет және тағамдық қосымша өнімдер (23%-ға) 2012 жылғы қаңтар-маусымдағыдан артық өндірілді.  

Облыста компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарды жасау (2,4 есе), металлургия өнеркәсібі (1,9), жиһаз (1,7 есе), пластмасса бұйымдары (27,7%-ға), химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру (25,3%-ға) өндірісі сияқты салалар жоғары қарқынмен дамуда. Теледидар қабылдағыштары (3 есе), ас үй жиһазы (2,9), пластмасса құбырлар мен түтіктер (2,8), дәнекерленген болат құбырлар (2,6), бұрғылау қондырғылары (2,3), бөлу қалқандары (1,6 есе) және тағы басқаларды шығару ұлғайды.

Электр энергиясымен қамтамасыз ету, газ бен бу беруде және ауаны баптауда жылу энергиясы 2,7%ға және электр энергиясын өндіру мен бөлу 5,4%-ға өсуі есебінен нақты көлем индексі 104%-ды құрады.

Сумен қамтамасыз етуде, кәріз жүйесінде, қалдықтарды жинау және таратуды бақылауда 2013 жылғы қаңтар-маусымда 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты көлем индексі 97% құрады.

облыстық

Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp