«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 31.07.2013

“АЛТЫН САПА” – КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРМАН

Кеше Петропавлдағы “Арай” көтерме-бөлшек сауда кешенінде республикалық “Қазақстанның үздік тауары – 2013” байқау-көрмесінің аясында облыс тауар өндірушілерінің көрмесі өтті. Ол жыл соңында Астана қаласында өтетін байқау-көрменің өңірлік деңгейдегі бірінші кезеңі болып табылады. Сауда кешенінің үлкен залында өткен көрмеге облыстың өндіріс саласында жұмыс істейтін 41 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Байқауға арналған …

“АЛТЫН САПА” – КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРМАН Read More »

КӨШБАСШЫ БОЛУ ОҢАЙ ЕМЕС

Сейсенбі күні М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де облыстық Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарма Қазақстан халқы облыстық ассамблеясымен бірлесіп, “Жастар арасындағы толеранттылық және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру” тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Оған облыстық жастар ұйымдары мен жастар этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Қала мен ауыл жастарының қоғамдық және әлеуметтік теңдігін қамтамасыз етіп, оларға өз ортасындағы белсенділігі мен …

КӨШБАСШЫ БОЛУ ОҢАЙ ЕМЕС Read More »

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Елбасы Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру, Президенттің “Нұр Отан” ХДП Саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысында және ҚР Бас прокуратурасының алқа жиынында берген тапсырмаларын орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан Көлік прокуратурасы мен Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы “Атамекен Одағы” ЗТБ СҚФ кәсіпкерлер құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты және сыбайлас жемқорлықпен күресті нығайту туралы меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта …

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ Read More »

ЧЕРНОБЫЛЬДІҢ БАТЫРЫ АТАНҒАН азамат ауылды көтеруге аянбай атсалысуда

Кәсіпкер Елшібай Егінбаевтің негізгі мамандығы – инженер-механик. Ол өткен жылдың сәуір-мамыр айларында мемлекеттік “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 18 миллион теңгеге несие алып, егіншілікпен бірге мал басын көбейтуді қолға алған.  Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Елшібай Зәкенұлының жаратылысынан пысық, істеген ісіне тыңғылықты екені бір көргеннен-ақ байқалып тұр. Ол Кеңес Одағы кезінде де талай іспен шұғылданып, сауда саласында да …

ЧЕРНОБЫЛЬДІҢ БАТЫРЫ АТАНҒАН азамат ауылды көтеруге аянбай атсалысуда Read More »

КӘСІБІН НЫҒАЙТҚАН ҚАЙРАТ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Уәлиханов ауданындағы “Керей” шаруа қожалығы – егіншілік пен мал шаруашылығын қатар алып жүрген агро-құрылымдардың бірі. Оның қожайыны Қайрат Әбілкәрімов ауыл шаруашылығымен айналысуды жақында ғана қолға алса да, ол бұл саланы әртүрлі бағытта ұйымдастыруды жөн көріп отыр. Қайрат Қасымжанұлы 2011 жылдан бастап егіншілікті кәсіп етсе, 2012 жылдан мал шаруашылығын өрістетуді көздеген, ал …

КӘСІБІН НЫҒАЙТҚАН ҚАЙРАТ Read More »

“ЖЕРІНДЕЙ АЙЫРТАУДЫҢ ЖЕРІҢ БАР МА, ШАЛҚАРДАЙ ШАЛҚЫП-ТАСҚАН КӨЛІҢ БАР МА?!” Немесе өңірімізде туризм неге өрге баспай тұр?

“Жеріндей Айыртаудың жерің бар ма, Шалқардай шалқып-тасқан көлің бар ма?!” деп ақын Мұса Асайынов жырлап кеткен бұл өлкенің табиғатын бүгінде аузымыздан суымыз құрып мақтаймыз. Мақтанышымызды жатқа көрсетіп, өзіміз игілігін көргіміз келеді. Алайда, осы ойымызды жүзеге асыруға келгенде тасымыз өрге домаламай-ақ қойды. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Қиюын келтіре алмай жүрген туризмді дамыту жайы қазір даурықпа әңгіменің …

“ЖЕРІНДЕЙ АЙЫРТАУДЫҢ ЖЕРІҢ БАР МА, ШАЛҚАРДАЙ ШАЛҚЫП-ТАСҚАН КӨЛІҢ БАР МА?!” Немесе өңірімізде туризм неге өрге баспай тұр? Read More »

МАҒЖАННЫҢ МҰРАСЫ – мәңгілік рухани азық

Гүлбағым КЕМЕҢГЕРОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына орай Тіл және әдебиет институты “Күннен туған баламын” атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Кештің мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлы ақынымыздың өмір жолы мен шығармалары арқылы сөз мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін, поэзияға деген құмарлықтарын ояту. Ақын өлеңдерін жатқа айту және насихаттау …

МАҒЖАННЫҢ МҰРАСЫ – мәңгілік рухани азық Read More »

СЫРЫМБЕТТІҢ “АЖАРЫНА” – 45 ЖЫЛ

Айыртау ауданының Сырымбет ауылындағы “Ажар” халықтық би ансамблінің құрылғанына биыл – 45 жыл. 1968 жылы құрылып, ал 1982 жылы “халықтық” деген атақ алған ансамбль кезінде талайдың таңдайын қақтырған. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Бірнеше буынның би әлеміне деген махаббатын оятқан аталмыш ансамбль қазақтың ұлттық өнерінің қыр-сырын меңгеруге апарар алғашқы баспалдақ болды. Құрылған күнінен бастап оның өрлеуіне …

СЫРЫМБЕТТІҢ “АЖАРЫНА” – 45 ЖЫЛ Read More »

ҚО­БЫЗДЫ СЕРІК ЕТКЕН Айғанымның арманы – шәкірт тәрбиелеу

Жастайынан киелі аспап – қо­бызды серік еткен Айғаным Махамбетова облыс орталығындағы музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-өнер колледжі кешенін тамамдаған алғашқы қобызшы қыздардың бірі. Қоңыр үнді қобызын құшақтап, әлемнің біраз елін аралаған талантты қызбен сұхбатымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз.  – Айғаным, өнер жолына қалай келдіңіз? – Өзім Тимирязев ауданының Жарқын ауылында туып-өстім. Әжем мені 3-сыныпта …

ҚО­БЫЗДЫ СЕРІК ЕТКЕН Айғанымның арманы – шәкірт тәрбиелеу Read More »

2013 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАУСЫМДАҒЫ ӨНЕРКӘСІП ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Үстіміздегі жылғы қаңтар-маусымда облыстың өнеркәсіптік өндіріс өсімінің қарқыны жалпы республикалық деңгейден 2,7 пайыздық пунктке жоғары болды. Жыл басынан бері қолданастағы бағамен 67,9 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімдері өндіріліп (шағын кәсіпорындар мен қосалқы өндірісті қоса), ол 2012 жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 4,5%-ға артық болды. Өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнім көлемі 49,1 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылғы сәйкес кезеңдегіден …

2013 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАУСЫМДАҒЫ ӨНЕРКӘСІП ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ Read More »

ТЕХНОРОБОТТАР ТАМСАНДЫРДЫ

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында “Технороботтар” көрмесі өтуде.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Бұл көрмеге бас сұқсаңыз, электронды әлемде жүргендей күй кешесіз. Есіктің дәл жанына жайғасқан динозаврлар мен мультимедиалық роботтан бастап, өткен ғасырдың атақты әншісі Элвис Преслидің көшірмесіне дейін көңіліңізді баурап алады. Қазақстанның 8 қаласында болып үлгерген көрмеге технороботтарды дайындаған адам Алматыда тұрады. Өзінің аты-жөнін жариялауға тыйым салыпты.

ӘУЕЖАЙ ӘЛІ БЕРЕШЕК, Ал “ЗИКСТО”-да заң бұзушылық жетерлік

Солтүстік Қазақстан Көлік прокуратурасы өткен жарты жылдың жұмысын қорытындылады.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Баспасөз мәслихатында көлік прокуроры Нұрболат Қатуов 6 айда жүргізілген тексерістер бойынша өңірдегі заңдылық жағдайына тоқталды. Әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты 24 тексерістің нәтижесінде 232 заң бұзушылық орын алған. Солар бойынша 29 ұсыным қарастырылып, нәтижесінде 31 тұлға тәртіптік, 45-і әкімшілік және 3-еуі материалдық жазаға тартылған. Петропавлдағы …

ӘУЕЖАЙ ӘЛІ БЕРЕШЕК, Ал “ЗИКСТО”-да заң бұзушылық жетерлік Read More »

ҚЫЗМЕТТІК ТИР АШЫЛДЫ

Әйгерім ОМАРОВА. Айыртау аудандық Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында жақында қызметтік тир ашылды. Бұл – облыс аудандарындағы екінші тир. Біріншісі – Қызылжар ауданында. Тирдің ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің басшылары аудандардың Ішкі істер бөлімдерінің басшылары қатысты. “Өңірді дамыту” бағдарламасы бойынша салынған тир барлық үлгілерге сай, заманауи жабдықтармен қамтылған. Ол әкімшілік …

ҚЫЗМЕТТІК ТИР АШЫЛДЫ Read More »

ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ және қоғамдық-саяси дамуының өзекті мәселелерін үздік көрсетуге арналған облыстық конкурстың ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер 1.1. Конкурс жыл сайын Солтүстік Қазақстан облысының бұқаралық ақпарат құралдары журналистерінің, республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілерінің, баспасөз қызметтерінің, мемлекеттік органдардың интернет-сайттарының, бұқаралық ақпарат құралдарында материалдары жарияланған авторлар (штаттан тыс тілшілер) арасында өткізіледі. 1.2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бастамасымен, ҚР Журналистер одағының Солтүстік Қазақстан филиалының қолдауымен өткізілетін конкурстың ұйымдастырушысы және үйлестірушісі – Солтүстік Қазақстан …

ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ және қоғамдық-саяси дамуының өзекті мәселелерін үздік көрсетуге арналған облыстық конкурстың ЕРЕЖЕСІ Read More »