«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҚАЗАНДЫҚҚА ҰЖЫМНЫҢ ЕҢБЕГІ СІҢДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кішкенекөл ауылындағы №1 орта мектептің ұжымы ұйымшылдықпен қазандықты жаңартып алды. Бұрынғы қазандық мектепке жапсарласа орналасқан болатын. Енді жылыту орталығы оқыту ғимаратынан 100 метр әріге салынды.

Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 2 миллион теңгеге жаңа қазандық сатып алып, ал оның орнатылатын ғимаратының құрылысын мектеп ұжымы өз күшімен аяқтап шықты. Олар аудан орталығындағы қираған ғимараттардың жарамды материалдарын құрылысқа пайдаланды. Ауылдың азаматтары көлік пен көтергіш кран тауып беруге көмектесті. Осылайша мектептегі ер азаматтар маусым айында демалысқа шықпай, бәріне ортақ істің түйінді мәселесін шешіп алды.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары салынған ескі қазандық мектеп әкімшілігінің мазасын кетіріп жүрген екен. Енді, міне, жылыту маусымында мектептен шалғай жатқан қазандықтан еш қауіп жоқ. Жаңа ғимараттың ішінде от жағушыларға арналған бөлме мен жуынатын орын да қарастырылған. Сондай-ақ жаңа 16 киловаттық генератор да осында орналастырылыпты. Осылайша мектеп қысқы жылыту маусымына сақадай сай.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

СУРЕТТЕ: қазандық тұратын ғимараттың құрылысы жүргізілу үстінде.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp