ЗАҢСЫЗ АҒАШ КЕСКЕНДЕР жауапқа тартылатын болады
Облыстық ІІД табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Қызылжар ауданындағы Ташкентка ауылының маңында заңсыз ағаш ұрлау фактісін тіркеді. Аталмыш ауылдың екі тұрғыны оқиға орнында ұсталып, олардан заңсыз кесілген 7 текше метр ағаш тәркіленді. Табиғат қорғау инспекторлары рейд барысында Қызылжар ауданындағы Ташкентка ауылының маңында жаңа кесілген отын тиелген тракторды тоқтатқан. Тексеру барысында қоршаған орта жанашырларының күдігі расталып, 7 …