«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЛІК ЖАСАҒАН ҚҰТҚАРУШЫЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің мамандары Василий Ленков пен Жақсылық Сағитов Петропавл қаласының маңындағы Пестрое көлінде кезекшілікте болған.

Құтқарушылар көлге жақын орналасқан Мичурино кентінде көк түтін шыққанын байқап, оқиға орнына жеткенше 112 нөміріне орын алған өрт туралы хабарлап үлгерген.

Екі құтқарушы үй ауласында сарайдың отқа оранғанын байқап, ауладағы келіншек пен кішкентай балаларды қауіпсіз жерге жеткізді. Сол сәтте сарай ішінде болған газ баллоны жарылған. Жарылыс нәтижесінде сарайдың қабырғалары мен шатырына айтарлықтай зақым тиген.

Өрт шыққан кезде не істерімді білмей қалдым. Зәре-құтымыз қашып, үрейіміз ұшты. Шыққан өрт сарайдың жанында орналасқан тұрғын үйге де ауысып кете ме деп қорықтым. Абырой болғанда, көмекке жеткен екі құтқарушы мені және 6-7 жасар немерелеріммен бірге оттан алысырақ жерге жеткізді. Өлім аузынан құтқарған азаматтарға алғысымызды да айтып үлгермедік, – дейді 55 жастағы Наталья Андреевна.

Қызмет бабымен ондаған облыс тұрғындарын ажалдан арашалап қалған Василий Ленков облыстық ТЖД судан құтқару қызметінде 10 жыл қызмет етсе, ал Жақсылық Сағитовтің аталмыш қызметтегі қызмет өтілі бір жарым жыл ғана.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp