Іс-шара атауы: Толеранттылық идеяларына, қазақстандық отансүйгіштікті нығайтуға арналған “Қазақстан – достық бесігі” атты фотоконкурс (бұдан әрі – іс-шара).
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті.
Өткізу уақыты: 2013 жылғы 28 тамыз – 8 қыркүйек аралығы.
Өткізу орны: Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы.
Іс-шараның мақсаттары:
– этникаарлық және конфессияаралық келісімді дамыту және нығайту;
– толеранттылық пен қазақстандық патриотизмді күшейту идеяларын дәріптеу;
– дарынды танымал шеберлермен қатар жас фотосуретшілерді ынталандыру.
Іс-шараның міндеттері:
– этникааралық және конфессияаралық қатынастардың үйлесімі;
– Ұлттық бірлік доктринасы принциптерін жүзеге асыру;
– мәдениетаралық диалогты дамыту және Қазақстандағы мәдени алуантүрлілікті сақтау;
– дарынды фотосуретшілерді қолдау, қазіргі заманғы сурет өнеріндегі жаңа есімдерді анықтау;
– фотосуретшілердің кәсіби өсуіне жағдай жасау.
Іс-шараны өткізу тәртібі мен шарттары:
1. Іс-шараға Қазақстан фотосуретшілерінің соңғы 3 жылда орындаған жұмыстары қабылданады.
2. Әрбір фотосуретші жоғары кәсіби деңгейде орындалған, іс-шараның тақырыптық бағытына сәйкес келетін 5-тен кем емес және 10-нан аспайтын фотожұмыстарды ұсынуы тиіс.
3. Іс-шараны өткізу кезеңдері:
І кезең – фотожұмыстарды қабылдау (2013 жылдың 16 шілдесі мен 10 тамызы аралығы);
ІІ кезең – фотожұмыстарды іріктеу (2013 жылдың 10-20 тамызы аралығы);
ІІІ кезең – жеңімпаздарды марапаттау (2013 жылдың 28 тамызы) және фотожұмыстардың көрмесі (2013 жылдың 28 тамызы мен 8 қыркүйегі аралығы).
4. Іс-шараға дайындық жүргізу және оны өткізуді Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
5. Іс-шараға қатысу үшін фотосуретшілер үстіміздегі жылдың 10 тамызына дейін ұйымдастырушыларға төмендегі материалдарды жолдауы тиіс:
1) осы Қағиданың қосымшасына сәйкес толтырылған өтінім;
2) қағаз және электронды түрдегі фотожұмыстар (атауы міндетті түрде);
3) көрмеге қойылған суреттердің фотоальбомын жасау үшін фотожұмыстардың қазақ және орыс тілдеріндегі қысқаша анықтамасы;
4) қағаз және электронды түрдегі қатысушының қысқаша өмірбаяны мен суреті.
6. Ұйымдастырушылар іс-шараға ұсынылған жұмыстарды іріктеуге құқылы. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды.
7. Қазылар алқасы және сарапшылар комиссиясы фотосуретшілердің үздік жұмыстарын іріктеуді жүзеге асырып, жеңімпаздар мен дипломанттарды анықтайды. Қазылар алқасы мен сарапшылар комиссиясының ұсынысымен үздік деп танылған жұмыстар “І орын”, “ІІ орын”, “ІІІ орын” үшін берілетін дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ, ынталандыру үшін “Дипломант” сыйлығы белгіленеді.
8. Қоғамдық және басқа да ұйымдар, демеушілер Ұйымдастыру комитетінің келісімімен өз жүлделері мен сыйақыларын белгілеуіне болады.
9. Жүлде қоры бекітілген шығыстар сметасына сәйкес бөлінеді. Жүлделерді беру туралы шешім ашық дауыс беру негізінде іске асырылып, қазылар алқасы мүшелерінің қолдары қойылған хаттамамен бекітіледі.
10. Қазылар алқасының шешімі іс-шара жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде жарияланады және қайта қаралмайды.
11. Іс-шара аясында іріктеу қорытындысы бойынша фотокөрме ұйымдастырылып, көрменің фотоальбомы жасалады.
12. Өтінім мен оған тіркелетін материалдарды мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8-үй, “Министрліктер үйі”, 15 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті, тел.: 8 (7172) 74-04-34, 74-04-57, факс 74-04-34, e-mail: bahita_be84@mail.ru, a.satubaldin@mki.gov.kz.
Толеранттылық идеяларына, қазақстандық отан-сүйгіштікті нығайтуға арналған “Қазақстан – достық бесігі” атты фотоконкурсты өткізу туралы Қағидаға қосымша
Іс-шараға қатысуға өтінім
Төменде келтірілген мәліметтері бар қатысушының қолы қойылған өтінім ұйымдастырушылардың мекен-жайына жолдануы қажет:
1. Т.А.Ә.
2. Туған мерзімі және туған жері.
3. Қатысушының мекенжайы (заңды және пошталық).
3. Байланысатын тұлғаның телефоны, факсы, электронды поштасы.
4. Фотожұмыстың атауы.
5. Фотожұмыстың қысқаша сипаттамасы.
6. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (ЖСН міндетті түрде көрсетілуі тиіс).