Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
2013 жылғы тамыздың 7-сі мен 9-ы аралығында Қазақстан Республикасының “Электрондық үкімет” порталында облыс әкімі Самат Ескендіровтің қатысуымен “Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және оны жүзеге асыру барысы” тақырыбына арналған Интернет-конференция өтеді.
Интернет пайдаланушылар өздерінің сұрақтарын www.e-gov.kz порталында сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін қалдыра алады.