1. Жалпы ережелер
1. Этножурналистика саласындағы “Шаңырақ” шығармашылық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) республика деңгейінде өткізіледі.
2. Конкурстың үйлестірушісі және ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.
3. Конкурс Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтеді.
2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
Конкурстың мақсаты этносаралық салада қызмет ететін журналистерді ынталандыру арқылы қоғамдағы этносаралық татулық пен келісімді нығайту болып табылады.
Міндеттері:
1) қоғамдағы этносаралық келісімді және Қазақстан халқының бірлігін нығайту;
2) этносаралық қатынастар мен мәдениетаралық үндестік саласындағы мемлекеттік саясаттың жетістіктерін жария ету;
3) Қазақстанда өмір сүретін қазақ халқы мен этностардың мәдениетін, салт-дәстүрлерін насихаттау;
4) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
5) қазақстандық этножурналистиканы дамытуға ықпал ету;
6) этносаралық келісім тақырыбын жариялаудағы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен жауапкершілігін арттыру.
3. Конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттары
4. Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар және жекелеген авторлар қатыса алады.
5. Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде баспа бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернет ресурстарында жарияланған мақалалар, теле-, радиобағдарламалар қабылданады.
6. Конкурс төмендегідей аталымдар бойынша өтеді:
1) Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар;
2) Қазақстандық патриотизмді нығайту жолындағы мемлекеттік рәміздердің рөлін жариялайтын үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар;
3) Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін түсіндіру жөніндегі үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар;
4) Қазақстан этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға бағытталған үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар;
5) мемлекеттік тілдің рөлін көтеруге бағытталған үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар.
7. Конкурсқа 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 25 қыркүйекке дейін бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған мақалалар, теле-, радиобағдарламалар қабылданады.
8. Конкурсқа қатысушылар Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz ресми сайтына тіркеліп, конкурстық жұмыстарды онлайн түрде ұсына алады немесе Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 мекен-жайы бойынша Ұйымдастыру комитетіне мынадай құжаттарды тапсырады:
1) төмендегі деректер көрсетілген өтініш:
автор туралы мағлұматтар /аты-жөні, туған жері, күні, айы, жылы, ұлты
жұмысы немесе оқу орны, лауазымы;
тұрақты мекенжайы;
байланыс телефоны;
2) баспа бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың көшірмелері (сканер арқылы), Интернет ресурсы бетінен шығарылған көшірмелер, DVD, СD форматындағы дискілерге жазылған теле-, радиобағдарламалар.
9. Конкурсқа жіберілген материалдар авторға кері қайтарылмайды, конкурстық жұмыстарға рецензия берілмейді.
10. Конкурс төрт кезең бойынша өтеді:
1) 2013 жылғы 1 шілде – 25 қыркүйек аралығында – министрліктің ресми сайтында конкурсқа қатысушылардың материалдарын онлайн түрінде тіркеу немесе материалдарды “Қазпочта” АҚ арқылы қабылдау;
2) 2013 жылғы 25 қыркүйек – 25 қараша аралығында – дауыс беру рәсімі, яғни дауыс берушілер сайтта тіркелгеннен кейін ғана өз дауыстарын бере алады, бұл бір IP-мекенжайдан тек бір ғана дауыс қалдыруға ықпал ететін болады.
3) 2013 жылғы 25 қараша – 1 желтоқсан – конкурстың қорытындысын шығару;
4) 2013 жылғы желтоқсан – конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі.
11. Конкурс жеңімпаздары Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағалы сыйлықтарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталады.
4. Ұйымдастыру комитеті
12. Конкурсты ұйымдастырып, өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан Ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитетінің құрамы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Конкурстың қазылар алқасы
13. Конкурсқа қатысушылардың еңбегін бағалау, сондай-ақ, онлайн түрінде дауыс берудің қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.
14. Қазылар алқасының шешiмi түпкiлiктi болып табылады және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен рәсiмделедi және қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.