«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.08.2013

ЕРТЕҢ – ӨҢІР ӨМІРІНДЕГІ ЕЛЕУЛІ ОҚИҒА

Кеше ел көлемінде аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округ әкімдерінің сайлауы басталды. 5-9 тамыз аралығында өтетін аталмыш сайлауға өңіріміздің дайындығын білмек үшін облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереевпен кездескен едік. – Асқар Жоламанұлы, сайлауды өткізуге дайындық барысы қалай? – Сайлауды өткізуге дайындығымыз жақсы. Осы күнге дейін жергілікті жерлерге шығып, бірнеше семинар өткіздік. Қаражат бөлу, …

ЕРТЕҢ – ӨҢІР ӨМІРІНДЕГІ ЕЛЕУЛІ ОҚИҒА Read More »

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясы 2013 жылғы 16 тамызда облыстық мәслихаттың үлкен залында өтеді. Мекенжайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38. Депутаттар жиналысының қарауына келесі негізгі мәселелер ұсынылады: 1. Солтүстік Қазақстан облысының 2013 жылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижесі туралы. 2. 2011-2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы заң бұзушылықтың алдын алу бағдарламасының …

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына Read More »

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ БОЛГАРИЯДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Петропавлдық “Sensitive” бал билері ансамблінің ересектер тобы Болгариядан Қазақстанға жеңіспен оралды. Бұл туралы “Жұлдызай” қайырымдылық қоры хабарлады.“Sensitive” бишілері қанды қыздыратын испан биін, Ча-ча-ча әуендерін орындап, көрермендерінің сүйіспеншілігіне бөленді және елуден астам байқауға қатысушылардың арасында топ жарды.Халықаралық кәсіби қазылар алқасы, ең бастысы – көрермендер ұжымның өнеріне қошеметпен қол соғып, бірінші орынға лайық деп таныды. Ансамбль қатысушылары …

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ БОЛГАРИЯДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ Read More »

ТЕМІРЖОЛШЫЛАРҒА СЫЙЛЫҚ ЖАУҒАН СӘТ

Өткен жұма күні Петропавлдағы “Жастар” стадионында Теміржолшылар күніне арналған мерекелік шара өтті. Күн райының құбылып, әлсін-әлсін жауып өткеніне қарамастан, жиналғандар өте көп болды.  Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. “Ресей темір жолы” ААҚ-ның Оңтүстік-Орал темір жолы Петропавл бөлімшесінің мерекелік салтанатына облыс әкімі Самат Ескендіров қатысып, құттықтау сөз сөйледі. – Тарих бетінің қай кезеңі болсын, теміржолшылар мемлекеттің экономикасын …

ТЕМІРЖОЛШЫЛАРҒА СЫЙЛЫҚ ЖАУҒАН СӘТ Read More »

ШІЛДЕДЕГІ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ

Шілдеде біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа бір адамға шаққанда 16 724 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 10035 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 6689 теңге болды.Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 13064 теңге, жасөспірімдер үшін – …

ШІЛДЕДЕГІ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ Read More »

ОРМАНДА АДАСЫП, ӘРЕҢ ТАБЫЛДЫ

Ерлан МАХМЕТОВ, СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы. Тайынша ауданының тәртіп сақшылары осыдан бір апта бұрын жоғалып кетіп, орман ішінде адасып жүрген 13 жастағы қыз баланы іздеп тауып, үйіне қайтарды.  Жоғалған қыз – түзету мектеп-интернатының түлегі. Тайынша ауданындағы Тихоокеан ауылына ата-аналарына жазғы демалысқа келген. Соңғы екі күні ол осы ауылда тұратын әжесінің үйінде қонақта болған. Ауқымды …

ОРМАНДА АДАСЫП, ӘРЕҢ ТАБЫЛДЫ Read More »

ХАЛЫҚҚА ҚУАНЫШ СЫЙЛАУ – МАҚСАТ

Балтабай МҰСАБАЕВ, Жамбыл аудандық мәслихаттың хатшысы. 2012 жылғы 15 қаңтарда өткен сайлауда Жамбыл аудандық мәслихатқа 13 депутат сайланды, олардың 6-уы қайта сайланған, халық қалаулыларының 5-уі – әйел. Депутаттық корпусқа түрлі мамандық өкілдері енді: дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпкерлер, қызметшілер, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары. Өмір көрсеткендей, депутат болу – бұл ең алдымен сайлаушылар алдында, қоғам алдында, сондай-ақ өз …

ХАЛЫҚҚА ҚУАНЫШ СЫЙЛАУ – МАҚСАТ Read More »

ЗАҢНАМА БҰЗУШЫЛЫҚ АЗАЙҒАНЫМЕН, әлі де тыйылған жоқ

Жанат ЖҰМАБАЕВ, СҚО Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі департаменті басшысының орынбасары. 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 115 тексеріс жүргізілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 25%-ға кем. Егер 2012 жылы барлық тексеріс барысында 724 заңнама бұзушылық анықталса, үстіміздегі жылдың осы уақытына дейін оның саны 194-ке жеткен, соның ішінде 15-і сыбайлас жемқорлық қылмысқа …

ЗАҢНАМА БҰЗУШЫЛЫҚ АЗАЙҒАНЫМЕН, әлі де тыйылған жоқ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАРДЫҢ МІНДЕТІ – ПРЕМЬЕР-ЛИГАҒА ӨТУ

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Жиынға қатысушылар облыс әкімінің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Өңір басшысын жаңа тағайындауымен құттықтаған Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Виктор Катов федерация атынан кәдесый табыстай келе, солтүстікқазақстандық құраманың Премьер-лигаға жолдама алатындығына сенім білдірді. Жергілікті футбол клубының президенті Марат Оспанов облыс басшылығына командаға көрсеткен қолдауы мен өңір футболын дамытуға қамқорлығы үшін алғысын жеткізіп, ризашылық белгісі …

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАРДЫҢ МІНДЕТІ – ПРЕМЬЕР-ЛИГАҒА ӨТУ Read More »

БУТИКТІ ТОНАП, “тойлауын” жалғастырғысы келген тәрізді

Облыс орталығының Ішкі істер басқармасының тәртіп сақшылары “Сәлем” базарының бутигін тонамақ болған күдіктіні ұстады. Кешкі сағат он бір шамасында полицияға белгісіз біреудің жиырмасыншы шағын аудандағы бутиктердің бірінің терезесін сындырып, тонағалы жатқандығы туралы хабар түсті. Оқиға орнына аталмыш ауданда кезекшілікте жүрген жеке құрам жіберілді. Нәтижесінде қылмыс орнына бірер минутта жеткен автопатруль мас ер-азаматты ұстаған. Қалалық ІІБ …

БУТИКТІ ТОНАП, “тойлауын” жалғастырғысы келген тәрізді Read More »

ВЕЛОСИПЕД ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛЫП, көліктері табылған балалар мәз

Петропавл тұрғыны бірнеше велосипед ұрлады деген күдікпен қамауға алынды. Тәртіп сақшыларының сөзіне қарағанда, ол қараусыз қалған көлікті ұрлап, орталық базарда арзанға өткізіп жүрген. Ерлан МАХМЕТОВ, СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы. Кезекшілікте жүрген тәртіп сақшылары “Южный” базарының маныңда екі велосипедті сүйретіп келе жатқан жігітті байқайды. Велосипед ұрлығының жиілеп кетуіне байланысты бұл жайт бірден полицейлердің күдігін тудырыпты. …

ВЕЛОСИПЕД ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛЫП, көліктері табылған балалар мәз Read More »

СУДА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТАМАУ – тура ажалға қарай бір қадам жасау

Жыл басталғалы бері облыс көлеміндегі су айдындарында қаза тапқандардың саны ұлғая түсуде. Аталмыш төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қолға алынып жатқан шаралар мен мән-жайды білмек мақсатта облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің суда құтқару қызметінің басшысы Виктор Держанскиймен кездестік.  – Виктор Николаевич, облыс тұрғындарының демалыс уақыттарын өзен мен көл жағалауларында өткізулері түсінікті. Өкінішке қарай, осындай демалыс …

СУДА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТАМАУ – тура ажалға қарай бір қадам жасау Read More »

МЕКТЕПКЕ ЖОЛЫҢ АШЫҚ ПА, БҮЛДІРШІН? Облыста аз қамтылған отбасылардағы балаларға көмек көрсету айлығы басталды

Тамыздың 1-інен Елбасы тапсырмасы бойынша оқушылардың білімге қолжетімділігін толықтай қамтамасыз ету мақсатында осымен алтыншы мәрте өткізіліп отырған республикалық “Мектепке жол” акциясы басталды. “Болашақты біз бірге жасаймыз!” ұранымен өткізілетін акция 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл туралы облыстық Білім басқармасы өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етілді.  Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш шараның мақсаты – аз қамтылған …

МЕКТЕПКЕ ЖОЛЫҢ АШЫҚ ПА, БҮЛДІРШІН? Облыста аз қамтылған отбасылардағы балаларға көмек көрсету айлығы басталды Read More »

БЕРЕШЕГІ БАРҒА БЕРЕКЕ БІТПЕЙДІ

“Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы” Қазақстан Республикасы кодексінің 170-бабында кеден қызметі органдары алты ай ішінде өтелмеген кедендік төлемдер, салық және өсімпұлдар бойынша берешегі бар төлеушілердің 2013 жылғы 1 тамызға дейінгі тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтыны атап көрсетілген. Осының негізінде СҚО Кедендік бақылау департаменті дайындаған, берешегі бар төлеушілердің тізімі жарияланып отыр:  

1-ші ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ – ЖЕҢІМПАЗ

Петропавл қаласында облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұыстары қызметі” ММ өрт сөндіру бөлімдерінің арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық спартакиада өткізілді.Жарысқа Петропавл қаласы және аудандық өрт сөндіру бөлімдерінен барлығы 18 команда қатысты.Жаттығу мұнарасындағы 4-ші қабаттың терезесіне шабуылдау сатысымен көтерілу бойынша басқарма аппараты командасының өкілі Марат Мұратов (18,79 сек.) алдына жан салмады …

1-ші ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ – ЖЕҢІМПАЗ Read More »

“ҮШ ТЕ БОЛСА – КҮШ”…

Солтүстікқазақстандық жас велошабандоздар Астана қаласында Кеңес Одағының спорт шебері Михаил Ильяновты еске алуға арналған республикалық көпкүндік жарыста үздік үштіктен көрінді. 5 күнге созылған додаға еліміздің барлық өңірлерінен 14 құрама, 100-ге жуық спортшы қатысты.  Дәстүрлі түрде бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келетін аталмыш додада біздің өңірден қатысқан 12-14 жас аралығындағы 8 велошабандоздың 6-уы командалық, ал қалған 2-еуі …

“ҮШ ТЕ БОЛСА – КҮШ”… Read More »

АЙЫРТАУЛЫҚТАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

Петропавлда оқушылар арасында велоспортан облыстық спартакиада өз мәресіне жетті. 3 күнге созылған додаға Петропавл қаласы және Ақжар, Айыртау, Қызылжар мен Мамлют аудандарынан 40-қа жуық жас спортшы қатысты. Сайыстың бірінші күні жекелей сында 5 және 10 шақырымдық жарыс жолына 13-14 жастағы ұлдар мен қыздар шықты. Сондай-ақ жас велошабандоздар өз күші мен қажыр-қайратын топтық және маунтинбайкта сынады. …

АЙЫРТАУЛЫҚТАРДЫҢ ЖЕҢІСІ Read More »

СЕРГЕЙ ХАРЛАМОВ Ел рекортын жаңартты

  Франция елінде мүгедектер арасында жеңіл атлетикадан өткен Әлем чемпионатында 100 метрді 13, 82 секундта бағындырған солтүстікқазақстандық жеңілатлетші Сергей Харламов қазақстандық рекордты жаңартты.  Қазақстанның намысын қорғаған 8 спортшының арасында болған жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінбесе де, мәре сызығын 11-ші болып кескен желаяқ қазақстандық рекордты жаңартқан. Сондай-ақ ұзындыққа секіруден ақтық сайысқа шықса да, жарыстың алдында алған жарақатына …

СЕРГЕЙ ХАРЛАМОВ Ел рекортын жаңартты Read More »

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕСКІ ӘНДЕР

Жақында Петропавл қалалық Мәдениет және демалыс саябағында “Как молоды мы были…” атты ретро-әндер фестивалі өтті. Іс-шараны ұйымдастырған облыстық Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы сол арқылы алдыңғы толқын ағалардың ұмыт қалған әндерін қазіргі жастардың есіне салып, насихаттауды көздеген. Өткен мыңжылдықтың 80-інші жылдары танымал болған әндер орындалды. Саябақта демалған қала тұрғындары ескі әндерді жергілікті әншілердің орындауында …

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕСКІ ӘНДЕР Read More »

“ТАҒЗЫМ” – ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ, БАБАЛАРҒА ІЗЕТ

Жангелді ТӘЖИН. Жерлесіміз Нұрлан Мұхаметқалиевтің “Тағзым” атты кітабы жарық көрді. Кітапта ХҮІІІ ғасырда жоңғар шапқыншылығына қарсы арын жалау етіп, жанын алау етіп, ата-баба аманаттаған байтақ жерін, ұлан-ғайыр елін, ақ сүт берген анасын, ақ самал ескен даласын, жүзінен нұр төгілген баласын, парасатты данасын жаудан қорғаған теріскейдің 26 батыры жайлы жазылған.  Кітапта батыр Мықтыбай Бегайдарұлының өмірі мен …

“ТАҒЗЫМ” – ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ, БАБАЛАРҒА ІЗЕТ Read More »