«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БУТИКТІ ТОНАП, “тойлауын” жалғастырғысы келген тәрізді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығының Ішкі істер басқармасының тәртіп сақшылары “Сәлем” базарының бутигін тонамақ болған күдіктіні ұстады.

Кешкі сағат он бір шамасында полицияға белгісіз біреудің жиырмасыншы шағын аудандағы бутиктердің бірінің терезесін сындырып, тонағалы жатқандығы туралы хабар түсті. Оқиға орнына аталмыш ауданда кезекшілікте жүрген жеке құрам жіберілді. Нәтижесінде қылмыс орнына бірер минутта жеткен автопатруль мас ер-азаматты ұстаған.

Қалалық ІІБ бірінші бөліміне жеткізілген 54 жастағы облыс тұрғыны өз кінәсін мойындап отыр. Қазіргі уақытта қылмыс орнында ұсталған азаматты жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp