«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРТЕҢ – ӨҢІР ӨМІРІНДЕГІ ЕЛЕУЛІ ОҚИҒА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше ел көлемінде аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округ әкімдерінің сайлауы басталды. 5-9 тамыз аралығында өтетін аталмыш сайлауға өңіріміздің дайындығын білмек үшін облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереевпен кездескен едік.

Асқар Жоламанұлы, сайлауды өткізуге дайындық барысы қалай?

Сайлауды өткізуге дайындығымыз жақсы. Осы күнге дейін жергілікті жерлерге шығып, бірнеше семинар өткіздік. Қаражат бөлу, ұйымдастыру жағынан қажетті көмектің барлығы көрсетілді. Жергілікті атқару органдары туындаған мәселелерді шешуде зор қолдау танытты. Сайлау комиссияларының дайындықтары жақсы деп бағалап отырмыз. Қазір олар сайлау бюллетеньдерін алуда. 7 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де 13 ауданда таңдаушылар отырыстары өтіп, онда мәслихат депутаттары ауыл әкімдерін сайлайды.

Үміткерлердің саны қанша?

Бүгінгі таңда 571 үміткер сайлауға қатысуға ниет білдірді. Оның 190-ы – ауылдық округтің, ал төртеуі аудандық маңызы бар қалалардың әкімі болып сайлануы тиіс. Үміткерлердің орта жасы – 44.

Бұрынғы әкімдердің қаншасы өз кандидатурасын ұсынды?

Үміткерлердің 26 пайыздан астамы – бұрынғы әкімдер.

Бұрынғы әкімдердің ішінде сайлауға қатысудан бас тартқандар бар ма?

Иә, бар. Бұрынғы төрт әкім өз өтініштері бойынша сайлауға қатыспайтын болды. Ал кандитат ретінде тіркелгендердің екеуі алынды.

Әкімдікке үміткерлердің қанша пайызы әйелдер?

36 пайызы.

Сайлаудың өту барысын қанша бақылаушы бақылайтын болады?

Жалпы сайлаудың барысын бақылауға республикадан, жергілікті жерден бақылаушылар болуы керек. Бүгінгі таңда сайлау комиссиялары бақылаушы болатыны жөнінде өтінім берген жоқ.

Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан  

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

Солтүстік Қазақстан”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp