«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫРТАУЛЫҚТАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда оқушылар арасында велоспортан облыстық спартакиада өз мәресіне жетті. 3 күнге созылған додаға Петропавл қаласы және Ақжар, Айыртау, Қызылжар мен Мамлют аудандарынан 40-қа жуық жас спортшы қатысты.

Сайыстың бірінші күні жекелей сында 5 және 10 шақырымдық жарыс жолына 13-14 жастағы ұлдар мен қыздар шықты. Сондай-ақ жас велошабандоздар өз күші мен қажыр-қайратын топтық және маунтинбайкта сынады.

Сайыстың қорытындысына келер болсақ, бірінші күні Сергей Мальцев (Петропавл қ.) пен Юля Сюсюкина (Айыртау ауданы), екінші күні Вадим Пролубников (Петропавл қ.) пен Галина Киселева (Мамлют ауданы), ал маунтинбайкта Никита Кабачок (Петропавл қ.) пен Юля Сюсюкина (Айыртау ауданы) үздік атанды.

Жалпыкомандалық есеп бойынша Айыртау ауданының командасы (514 ұпай) спартакиада жеңімпазы атанса, петропавлдықтар (388 ұпай) мен мамлюттіктер (316 ұпай) екінші және үшінші орындарға жайғасты.

 

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp