Петропавл тұрғыны бірнеше велосипед ұрлады деген күдікпен қамауға алынды. Тәртіп сақшыларының сөзіне қарағанда, ол қараусыз қалған көлікті ұрлап, орталық базарда арзанға өткізіп жүрген.
Ерлан МАХМЕТОВ,
СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.
Кезекшілікте жүрген тәртіп сақшылары “Южный” базарының маныңда екі велосипедті сүйретіп келе жатқан жігітті байқайды. Велосипед ұрлығының жиілеп кетуіне байланысты бұл жайт бірден полицейлердің күдігін тудырыпты. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны бұл көліктерді “Алтын Арман” базарынан 3 мың теңгеге балаларына сатып алғанын айтқан. Алайда, тәртіп сақшылары қырағылық танытты.
“Асығып келе жатқан жігіт “Южный” базарында оны автобус күтіп тұрғанын және көліктерді соған салып жібермек болғанын да айтып қалды. Нәтижесінде күдіктінің велосипедтері тәркіленіп, Ішкі істер басқармасына жеткізілді”, – деп хабарлады Петропавл қалалық ІІБ қызметкері Орал Хамзин.
Тағы бір велосипед Жамбыл көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің подъезінен ұрланыпты. Тәркіленген екі көліктің бірі иесіне қайтарылды. Ұялы телефонға түсірілген фотосурет арқылы көлікті ұрлаған адамның фотосуреті құрастырылып, оның іздеуіне жеке құрам түгелдей жұмылдырылды. Нәтижесінде күдікті ұсталып, ІІБ-ге жеткізілді.
“Аталмыш қылмыстарға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен Петропавл қаласының 1976 жылғы өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін ертеректе істі болған тұрғыны қамауға алынды. Тергеушілерге берген жауабы бойынша сағат 16-лар шамасында велосипед ұрланған подъезде болған ол тросты қысқыштың көмегімен кесіп, көлікті алып әкеткен. Кейін оны 3 мың теңгеге сатып жіберген”, – деп хабарлады Петропавл қалалық ІІБ тергеушісі Әсел Омарова.
Қазіргі таңда күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ал қожайындарға қайтарылған көлік иелері тәртіп сақшыларына өз ризашылықтарын білдіруде. Галина Елсукова немересінің велосипеді жоғалғаны жайлы арыз жазған болатын. Жәбірленуші басында көліктің табылуына күмән келтіргенін жасырмады. “Дегенмен, екі күн өтісімен тәртіп сақшылары хабарласып, көлікті алып кетулеріңізге болады дегенде таңғалдым”, – дейді Галина.
Екінші велосипедтің иесі Егор: “Көлігімнің жоғалғанын білгенімде ұнжырғам түсіп кетті. Басқа балалар велосипед теуіп жүргенде менің де мінгім келді. Алайда, кейін полиция қызметкерлері тауып берді. Өте қуаныштымын. Полицияға көп рахмет!” – дейді.