«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕСКІ ӘНДЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Жақында Петропавл қалалық Мәдениет және демалыс саябағында “Как молоды мы были…” атты ретро-әндер фестивалі өтті.
Іс-шараны ұйымдастырған облыстық Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы сол арқылы алдыңғы толқын ағалардың ұмыт қалған әндерін қазіргі жастардың есіне салып, насихаттауды көздеген. Өткен мыңжылдықтың 80-інші жылдары танымал болған әндер орындалды. Саябақта демалған қала тұрғындары ескі әндерді жергілікті әншілердің орындауында тыңдау үшін тоқтап жатты. Сондықтан да болар іс-шара қызықты, әрі көңілді өтті. Концертте қалалық Мәдениет үйінің вокалды топтары, облыстық филармонияның солистері мен әуесқой өнерпаздар өнер көрсетті.
(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp