Петропавлдық “Sensitive” бал билері ансамблінің ересектер тобы Болгариядан Қазақстанға жеңіспен оралды. Бұл туралы “Жұлдызай” қайырымдылық қоры хабарлады.
“Sensitive” бишілері қанды қыздыратын испан биін, Ча-ча-ча әуендерін орындап, көрермендерінің сүйіспеншілігіне бөленді және елуден астам байқауға қатысушылардың арасында топ жарды.
Халықаралық кәсіби қазылар алқасы, ең бастысы – көрермендер ұжымның өнеріне қошеметпен қол соғып, бірінші орынға лайық деп таныды. Ансамбль қатысушылары өз ісін сүйетін нағыз кәсіпқой ретінде көрсетіп, елге жеңіспен оралды.
(“ҚазАқпарат” агенттігінің материалы негізінде дайындалды).