«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКТЕПКЕ ЖОЛЫҢ АШЫҚ ПА, БҮЛДІРШІН? Облыста аз қамтылған отбасылардағы балаларға көмек көрсету айлығы басталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тамыздың 1-інен Елбасы тапсырмасы бойынша оқушылардың білімге қолжетімділігін толықтай қамтамасыз ету мақсатында осымен алтыншы мәрте өткізіліп отырған республикалық “Мектепке жол” акциясы басталды. “Болашақты біз бірге жасаймыз!” ұранымен өткізілетін акция 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл туралы облыстық Білім басқармасы өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етілді. 

Ләйла ЖАНЫСОВА,

Солтүстік Қазақстан”.

Аталмыш шараның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жаңа оқу жылында түрлі әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бара алмай қалуының алдын алу, жаппай білім берумен қамтылмай қалған балаларды анықтап, қолдау көрсету. 

Алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін тамыз айында облысымыздың барлық елді мекендерінде тұратын мектеп жасындағы балалардың есебі алынады. Оның ішінде қоғамымыздың әлжуаз тобына жататын балалардың саны анықталып, оларға материалдық көмек көрсетіледі.

Облыстық Білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Күлпаш Қалғожинаның айтуынша, өткен жылы облыс бойынша 11 мыңнан астам бала жалпы сомасы 42 миллион теңгені құрайтын материалдық көмек алған. Үстіміздегі жылы да Білім басқармасы акция барысындағы іс-шаралар жоспарын жасап, оны облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов бекіткен. Акцияның өтуіне апта сайын мониторинг жүргізіледі. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққандар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар шара барысында мектеп формалары мен спорттық киімдермен, аяқ- киімдермен және басқа да мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайрат Тәженовтің сөзіне қарағанда, балалардың мектепке барудан жалтаруының алдын алу және себептерін анықтау мақсатында білім беру мекемелері, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілер, тәртіп сақшыларының түнгі ойын-сауық орындарына бірлесе жүргізетін рейдтік шараларының көмегі зор. Өткен жартыжылдықта осындай орындардан 240 бала ұсталған. Оқу жылы соңында түрлі себептермен оқуға келмеген 13 бала тізімге алынған, олар осы жылы да бақылауда болады. 2012 жылы облыстың базарлары, ойын-сауық орындары, сапаржайларында 2930-дан астам рейд өткізіліп, қолайсыз отбасылардың 396 баласы анықталған, оның 40-ы – Ішкі істер департаментінің назарына іліккендер.

– “Мектепке жол” акциясы аясында арзандатылған бағамен кеңсе тауарлары, оқушылардың киімдері мен аяқкиімдері, мектепке қажетті құрал-жабдықтар сатылатын жәрмеңкелер өткізіледі. Облыс орталығынан шалғайда жатқан елді мекендерде жылжымалы жәрмеңке ұйымдастыры-лады. Акция өткізіле бастаған 5 жыл ішінде 53 мың балаға 163 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілген. Жыл сайын қайырымдылық көрсетуге өз еріктерімен ниет білдіретіндер саны артып келе жатқандығы қуантады. Облыс кәсіпкерлері, түрлі меншік иелігіндегі кәсіпорындар, мемлекеттік қызметшілер бұл шараға белсенділікпен қатысып жүр. Солардың ішінде “Сенім”, “Бексейіт”, “Ишим”, “Мәмбетов және К”, “Луговое” ЖШС-лері және тағы басқалары белсенділік танытады, – дейді облыстық Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма басшысының м. а. Тотыкамал Құлжанова.

Алдыңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, меценаттар, шаруашылық басшылары балалардың мұқтаждықтарын дұрыс түсініп, жыл өткен сайын бұл шараға қатысуға ниет білдіріп, көмек көрсетуге атсалысушылар саны артып келеді. Алайда, қоғамымызда аз қамтылған отбасылар саны демеушілерден әлдеқайда көп. Облысымыздың кез келген тұрғыны немесе ұйымы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңа оқу жылы қарсаңында материалдық көмек көрсете алады. Көмектің кез келген түрі: мектеп жабдығы, киім-кешек, ұйымдастыру техникалары, кеңсе тауарлары, жиһаз, спорт жабдықтары, кітаптар мен азық-түліктер қабылданады. Қайырымдылық акциясына қатысып, қоғамымыздың әлеуметтік әлжуаз тобына қамқорлық көрсетем деген кәсіпорындар мен мекемелер басшылары, сондай-ақ кез келген солтүстікқазақстандық бұл мәселе бойынша 36-14-88 және 46-94-66 телефондарына қоңырау шалып, мән-жайды білуіне болады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp