«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МиЛеди” – ИТ-МЫСЫҚТЫҢ ӘСЕМДІК САЛОНЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында алғаш рет иттер мен мысықтарға арналған зоосалон ашылды. 3-ші қалалық монша ғимаратында орналасқан “МиЛеди” – үй жануарларына арналған қаламыздағы жалғыз әсемдік салоны. Мұнда оларға қырқу, “шаш” сәндеу, тістері мен құлақтарын тазалау, жуындыру, тырнақтарын алу сияқты қызметтер көрсетіледі.

Роза ШӘКЕНОВА,

Солтүстік Қазақстан”.

Мұндай салон ашу грумер Ольга Веркулееваның көптен бергі арманы еді. Бұған дейін ол иттер мен мысықтарға өз үйінде немесе үй жануарларының қожайындарының үйінде қызмет көрсетіп келген. Ол Новосібірде өткен грумерлердің, яғни ит-мысық шаштараздарының халықаралық байқауына қатысып, Ресейде біраз шеберлердің шеберлік сыныптарынан да өткен. Тіпті, осы уақыт ішінде хендлингті де, яғни иттерді көрмеге даярлау өнерін де меңгеріп алған екен. 

Ольга жаңа салонды үй жануарларына ыңғайлы етіп жасағанын айтты. Яғни, олардың жүруіне, жатуына, отыруына барлық жағдай жасалған. Кәсіби құрал-жабдықтары да жетерлік.

Қызмет ақысы қолжетімді”, дейді грумер. Зейнеткерлерге жеңілдік қарастырылған. Ал аптаның бір күнін қайырымдылыққа арнамақшы. Яғни, бұл күнге қалаған адамдар итмысықтарын алдын ала жазып, тегін қызмет ала алады.

Қысқа ғана уақыт ішінде Ольга пікірлес достар да тауып алыпты. Атап айтқанда, “Фауна” жастар қоғамдық бірлестігі, “Бари” клубымен тығыз ынтымақтастық орнатқан. “Фаунаның” еріктілері көшеде жүрген қаңғыбас ит-мысықтарға көмек қажет болса, Ольгаға келеді екен. Тіпті жаңа салонға қайырымдылық жәшігін де орнатып үлгеріпті.

Ольга мұнда үй жануарларына “құлағынан құйрығына дейінгі” қызметті көрсетіп қана қоймай, пікірлестерімен дидарласуға, қажет болса, ақыл-кеңес беруге де дайын. “Ветеринар мен ит үйретуші – екеуі екі түрлі адам” деп есептейді ол. Өзін солардың екіншісіне жатқызады. Ол үшін иттердің аурудан тез айыққаны емес, мүлдем ауырмағаны маңызды.

Ольга Варкулеева үй жануарларына барлық қызметті наркозсыз көрсететінін атап өтті. Наркоз олардың ғұмырын қысқартады. Ал қырқу барысында олар шеберді тістемей, тырнамай жатуы үшін адамның өзінің ішкі жай-күйі қалыпты да жағымды, байсалды да сабырлы болуы керек және жануарларды жақсы көру маңызды деп есептейді. Сондықтан оларды наркозбен ұйықтатып тастаудың қажеті шамалы.

Шебердің айтуынша, оның міндеті – адамдарды үй жануарларын күтіп-бағуға үйрету. “Ит-мысықтарды қалай күту керек екенін қожайындарына түсіндіріп айтып беремін, көрсетемін. Егер бәрібір қолдарынан келмейтін болса, оларға өзім қызмет көрсетуге дайынмын”, – деді ол.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp