Франция елінде мүгедектер арасында жеңіл атлетикадан өткен Әлем чемпионатында 100 метрді 13, 82 секундта бағындырған солтүстікқазақстандық жеңілатлетші Сергей Харламов қазақстандық рекордты жаңартты.
Қазақстанның намысын қорғаған 8 спортшының арасында болған жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінбесе де, мәре сызығын 11-ші болып кескен желаяқ қазақстандық рекордты жаңартқан. Сондай-ақ ұзындыққа секіруден ақтық сайысқа шықса да, жарыстың алдында алған жарақатына байланысты ойдағыдай нәтиже көрсете алмады.
Бұл – Сергей Харламовтың әлем біріншілігіне алғаш рет қатысуы.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.