Балтабай МҰСАБАЕВ,
Жамбыл аудандық мәслихаттың хатшысы.
2012 жылғы 15 қаңтарда өткен сайлауда Жамбыл аудандық мәслихатқа 13 депутат сайланды, олардың 6-уы қайта сайланған, халық қалаулыларының 5-уі – әйел.
Депутаттық корпусқа түрлі мамандық өкілдері енді: дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпкерлер, қызметшілер, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары.
Өмір көрсеткендей, депутат болу – бұл ең алдымен сайлаушылар алдында, қоғам алдында, сондай-ақ өз ар-ожданыңның алдында үлкен жауапкершілік. Депутаттарымыздың ұстанымы – жетістіктерге тоқмейілсімей, үнемі ілгері жылжу.
Мәслихаттардың негізгі жұмысы – сессиялық жұмыс. Шақырылым басынан бері ХVІ сессия өткізілді. Күн тәртібінде аудан тұрғындарының тұрмысын жақсарту мәселелері үнемі қаралады. Депутаттар адам қай жерде өмір сүрсе де, олар мемлекеттің қамқорлығын сезінуі қажет деп санайды және де бұл қамқорлық аудандық бюджетте көрініс табады. Сондықтан осы құжат жобасы тұрақты комиссиялар отырысында алдын ала, егжей-тегжейлі талқыланып қаралады.
Бекітілген бюджеттің орындалуын ерекше бақылауда ұстаймыз. Әрине, жылдан-жылға аудандық бюджет ұлғайып келеді, бірақ барлық маңызды мәселелерді шешу үшін салықтардың қосымша түсімдерін қамтамасыз ету қажет.
Депутаттардың жұмысының екінші бөлігі – сайлаушылармен жұмыс. Бұл өте жауапты және маңыздылығы мол шаруа. Сайлаушымен кездескенде адамдардың нақты мәселелері көтеріледі де, оларды шешу жолдары қарастырылады. Өткен кезеңде сайлаушылармен байланыс олармен кездесу және қабылдаулар түрінде өтті. Халықты түрлі мәселелер мазалайды. Әсіресе, тұрмыстық, тұрғын үй, материалдық мұқтаждықтары. Ал қоғамдық маңызды мәселелер ішінде ауылдарды көркейту, жол жағдайы, ауылдық округтердегі қараусыз қалған үйлердің тағдыры көтеріліп жатады. Олар ұсыныс түрінде сессияда ескеріліп, ауданның стратегиялық даму жоспарына енгізіледі.
Өз округ тұрғындарымен байланыс – депутаттық жұмыстың негізі. Жағдайды білсең, мәселені ашық көтеруге болады, сессия мен тұрақты комиссиялар отырысында айтарың болады. Депутаттар аудандық газеттермен тығыз қарым-қатынаста, 6 мақала жарияланды, облыстық “Мәслихат” телебағдарламасына 3 депутат қатысты.
Халық қалаулылары өздерінің депутаттық өкілеттіктерін орындаудан басқа, аудандық әкімдік жанындағы түрлі комиссиялардың құрамына кіреді.
Депутаттық корпустың жаңа V шақырылым құрамы сайланған соң, барлық депутаттар кірген “Нұр Отан” ХДП фракциясы құрылды. Оны “Нұр Отан” ХДП аудандық филиалы төрағасының орынбасары, депутат В.И.Волков басқарады. Үнемі азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды, партиялық бақылау құрылған, жаңа нысандардың құрылысы қадағаланады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіледі, барша депутаттар “Нұр Отан” партиясының аудандық кеңсесінің құрылысына демеушілік көмек көрсетті.
Аудан әкімінің тұрғындармен кездесулеріне барша депутаттардың қатысу тәжірибесі жақсы жолға қойылған. Осындай кездесулер барысында біз тұрғындардың мәселелерін тыңдап, оларды шешу жолдарын қарастырамыз. Бұл – жұмыспен қамту, баспана алу және оны күтіп ұстау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және басқа да мәселелер. Халық қалаулылары атқарушы органдармен бірлесіп, аумақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің оңтайлы шешілуіне бар күштерін салуда.
Мәслихат қызметінің маңызды тұсы – мәслихат арқылы депутаттардың ауылдық округтер әкімдерінің сайлауына қатысуы. Біздің депутаттар оған белсене атсалысады. Жергілікті мәселелерді талқылауға, ауылдық округтердің даму жоспарларын жасауға, әкім лауазымына кандидаттарды талқылау бойынша өткізілетін жиындарға белсене қатысып жүр. Бұл – елімізді демократияландыру және азаматтық қоғамның әрі қарай дамуына жаңа серпін беру қадамы.
Әріптестерім жайлы да айта кетейін: облыстық мәслихаттың депутаты Е.Ә.Мүсетаев ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге және біздің бар іс-шараларымызға үнемі белсенді қатысып жүреді. Н.В.Лазарева – ІV, V шақырылымдар депутаты, өмірлік тәжірибесі мол адам, ауданда еңбегiне лайық абыройға ие, аудандық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және қаржы салаларының мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясын басқарады.
Л.В. Шатохина – ІІІ, ІV, V шақырылымдар депутаты. Оның басты қағидаты – жауапкершілік, әр сайлаушының мүдделеріне, мұқтаждықтары мен аманаттарына жауапкершілікпен қарау.
Г.Б. Оспанова – ІV, V шақырылымдар депутаты, өз қалаған iсiне – халық денсаулығын қорғауға жанын салатын адам.
А.Ғ. Киікбаев – ІV, V шақырылымдардың депутаты. Ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде әрдайым алдыңғы қатардан көрінеді, медицина мен білім ошақтарына демеушілік көмек көрсетеді.
М. Қызылгозова – V шақырылым депутаты, белсенді кәсіпкер, қысқа мерзімде өз округінде мол абыройға ие болды, білім ошақтарына, спорттық іс-шараларды өткізуде, зейнеткерлерге үлкен демеушілік көмек көрсетеді.
Басқа депутаттарымыз да мақтауға лайық.