«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШІЛДЕДЕГІ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шілдеде біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа бір адамға шаққанда 16 724 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 10035 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 6689 теңге болды.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 13064 теңге, жасөспірімдер үшін – 14-17 жасқа дейінгі (ер балалар) – 21150 теңге және (қыздар) – 16201 теңге, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті жастағы халық үшін (ер адамдар) 20006 теңге және (әйелдер) 15890 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 15670 теңге.
Аудан орталықтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы – 17080 теңге, Петропавл қаласы бойынша 16063 теңге болды.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp