«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАРДЫҢ МІНДЕТІ – ПРЕМЬЕР-ЛИГАҒА ӨТУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қанат АТАМАНОВ,

Солтүстік Қазақстан”.

Жиынға қатысушылар облыс әкімінің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Өңір басшысын жаңа тағайындауымен құттықтаған Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Виктор Катов федерация атынан кәдесый табыстай келе, солтүстікқазақстандық құраманың Премьер-лигаға жолдама алатындығына сенім білдірді.

Жергілікті футбол клубының президенті Марат Оспанов облыс басшылығына командаға көрсеткен қолдауы мен өңір футболын дамытуға қамқорлығы үшін алғысын жеткізіп, ризашылық белгісі ретінде Самат Сапарбекұлына команда атынан спорт формасы мен футбол добын сыйға тартты. Оның айтуынша, облысымызда футболдың дамуы үшін барлық жағдай жасалып, қаржы мәселесі де түбегейлі шешімін тапқан. Атап айтқанда, команданың ойыншылар алдындағы 34 миллион теңге берешегі өтелген. Жыл өткен сайын футболға бөлінетін қаржы мөлшері де молайып келеді. Мәселен, үстіміздегі жылы осы мақсатқа бюджеттен 123 миллион теңге бөлінсе, ал облыстың жастар футбол командаларының ел біріншіліктеріне қатысуы үшін 15,5 миллион теңге қаржы қарастырылған.

Марат Оспанов қызылжарлық аяқдоп шеберлерінің соңғы кездесулерінің нәтижелеріне тоқталып өтті. Бастапқыда жергілікті құрама 18 команда қатысқан жарыста 4-ші орынға көтерілгенімен, соңғы жеңілістердің салдарынан 35 ұпаймен жетінші орынға түскен. 

Команданың бас бапкері Вячеслав Ледовских өткен кездесулердің қорытындысы жасалып, үмітті ақтамаған 10 ойыншымен келісімшарт тоқтатылғандығын айтты. Ал енді жергілікті құраманың алдында тұрған мақсат – тамыз айында өз алаңымызда өткізілетін үш кездесудің үшеуінде де жеңіске жету.

Жиында 16 мен 19 жас аралығындағы бозбалаларды тарта отырып, “Қызыл-Жар СК” ФК-ның жанынан қосымша құрама құру жайында ұсыныс жасалды. Өңір жетекшісі облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналинге бұл мәселені мұқият қарастыруды тапсырды.

Командаға барлық жағдайдың жасалып отырғанын айтқан Самат Ескендіров қызылжарлықтардың алдына биылғы маусымда жүлделі орындардың бірінен көріну және алдағы уақытта Премьер-лигаға өту міндетін қойды.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp