«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

1-ші ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ – ЖЕҢІМПАЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұыстары қызметі” ММ өрт сөндіру бөлімдерінің арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық спартакиада өткізілді.
Жарысқа Петропавл қаласы және аудандық өрт сөндіру бөлімдерінен барлығы 18 команда қатысты.
Жаттығу мұнарасындағы 4-ші қабаттың терезесіне шабуылдау сатысымен көтерілу бойынша басқарма аппараты командасының өкілі Марат Мұратов (18,79 сек.) алдына жан салмады және кедергілері бар 100 метрлік жолақты бағындыру бойынша ең жақсы нәтиже көрсетті (17,38). Екінші орынды МЖ 1-ӨСБ өрт сөндіруші Сергей Чуенков (20,11сек.) жеңіп алды. Жауынгерлік қанат жаюда Петропавл қалалық 1-ӨСБ командасы биік тұғырдан көрінді (38,91).
Жарыстың қорытындысы бойынша өте жақсы көрсеткіш көрсеткен СҚО ТЖД “ӨСж/еАҚЖҚ” ММ Петропавл қаласы 1-ӨСБ жеңімпаз атанды. Жалпыкомандалық екінші орынды 2-МӨСБ жеңіп алса, үшінші жалпыкомандалық орынды СҚО ТЖД “ӨСж/еАҚЖҚ” ММ басқару аппаратының командасы иеленді.
Жарыстың жеңімпаздарына сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.
 

СҚО ТЖД “ӨС және АҚЖҚ” ММ баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp