«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҮШ ТЕ БОЛСА – КҮШ”…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық жас велошабандоздар Астана қаласында Кеңес Одағының спорт шебері Михаил Ильяновты еске алуға арналған республикалық көпкүндік жарыста үздік үштіктен көрінді. 5 күнге созылған додаға еліміздің барлық өңірлерінен 14 құрама, 100-ге жуық спортшы қатысты. 

Дәстүрлі түрде бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келетін аталмыш додада біздің өңірден қатысқан 12-14 жас аралығындағы 8 велошабандоздың 6-уы командалық, ал қалған 2-еуі жекелей сында бақтарын сынап көрді. Аталған спорт түрінен 1-ші разряд иегері Сергей Мальцев 10 ұпай жинап, 5-ші орынға қол жеткізді. Қорытынды сәтте төрешілердің назарына ілігіп, турнирдің ең белсенді жүйрігі атанды.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 1-ші мен 2-ші орындар Астана қаласының құрамаларына бұйырды. Солтүстікқазақстандықтар жиналған ұпай санымен (38,39 уақытпен) үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp