«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРМАНҒА ТОЛЫ КҮНДЕРІМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрман РАМАЗАНОВ.

Көктемнің сазы, көңілімнің жазы егілтіп,
Ыстық бір сезім кетті ме әлде елітіп?
Аңсаған шақта алыстап кеткен ойларым,
Кетсеңші келіп көңілді бір сәт серпілтіп.

Армандай өткен, аялап өткен күндерім,
Аспандай мөлдір, пәк еді-ау менің жүрегім.
Қиялдың құсы аспанда қалқып жүргенде
Қонар ма ең келіп қолыма, әлде, білмедім?
Арманым менің, айтарым менің көп еді,
Ұзақ түн бастан мазасыз ойлар кетпеді.
Албыртып қатты тулаған ыстық бір сезім,
Көңілде сайрап, айтуға тілім жетпеді.
* * *
Армандар кейде ұласып барып ақ таңға,
Қиялға қанат қақтырып кетер шақтарда,
Есіме әр кез аламын сені сағынып,
Ұзақ түн оймен көз ілмей жалғыз жатқанда.

О, менің асыл, асқардай асқақ арманым.
Күтумен өткен көңілге белгі салмадың,
Алдағы күндер жұбатып аңсау – сезімді,
Жетелеп жүр ғой үмітпен атар ақ таңым.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp