«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандық мұсылман жамағат!
Қасиетті мейрам – Ораза айт құтты болсын!
Бұл айтулы мереке әрбір мұсылман үшін татулық пен жақсылықты, кешірімділік пен туған-туысқандарға қамқорлықты бейнелейді. Ол адамдарды әділдік пен мейірімділікке үндейтін, барша адамзатқа ортақ құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелейтін ислам негіздерін есімізге салады.
Осындай асқақ мұраттар әртүрлі діни сенімдегі адамдардың бәріне бірдей жақын да ұғынықты әрі еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің кепілі болып табылады.
Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында бүгінде бүкіл дүниежүзі Қазақстан Республикасын дінаралық және ұлтаралық келісімнің тамаша үлгісі ретінде танып отыр. Шыдамдылық пен барлық конфессиялар өкілдерінің ғасырлар бойы қалыптасқан игі дәстүрлеріне ықылас-құрметпен қараушылық алдағы уақытта да қоғамымызды тұтастандыра түсіп, еліміздегі бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға қызмет ете беретініне кәміл сенімдімін.
Ораза айттың нұрлы мейрамы әр шаңыраққа шаттық пен құт-береке әкеліп, әрбір мұсылманның жүрегін ізгілік пен мейірімге толтырғай! Игі ниет-тілектеріміз қабыл болып, ойлаған армандарымыз жүзеге ассын!
Баршаңызға жақсылық пен амандық-саулық тілеймін!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp