«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы 7 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында аудандық маңыздағы қалалар мен ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өтті.
Дауыстарды санау қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиялары тапсырған деректерге сәйкес 4 аудандық маңыздағы қалада және 190 ауылдық округте әкімдер сайлауы болды.
Тіркелген 571 үміткерден 194 әкім сайланды, олардың 142-сі – осы қызметті атқарып жүргендер.
Сайланған әкімдердің барлығы жоғары білімді, олардың 63-де педагогикалық, 58-де ауыл шаруашылығы, 27-де инженер-техникалық, 24-де экономикалық және 22-де заңгерлік білім бар.
32 ауылдық округке әйелдер әкім болып сайланды, бұл барлық әкімдердің 16,5 пайызын құрайды.
Сайланған әкімдердің орташа жасы 47-де, олардың 95,9 пайызы “Нұр Отан” ХДП мүшесі болып табылады.
Сайлау барысын қоғамдық бірлестіктерден 14 бақылаушы, бұқаралық ақпарат құралдарының 41 өкілі және әкімге үміткерлер сенім көрсеткен 99 тұлға бақылады.

Облыстық сайлау комиссиясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp