Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы “Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы” №19 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер өз құзыреті шегінде мәслихат депутаттары алдында жылына бір рет өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөнінде есеп беруі тиіс.
Қалалар, аудандар, облыстар әкімдерінің жыл сайын өткізілетін есепті кездесулері депутаттарға, азаматтарға мемлекеттік басқару үдерісіне, нақты әкімшілік бірліктің өзекті мәселелерін шешуге белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Есепті кезең ішінде атқарушы және аумақтық органдардың жұмысы, ең алдымен, біздің облыстың экономикалық тұрақтылығы мен тұрғындарының әлеуметтік жайлылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік, салалық, сондай-ақ өңірлік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруға бағытталды.
Республика Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан – 2050” ұзақмерзімді Стратегиясында мемлекетіміздің одан әрі дамуының айқын бағдарларын белгілеп берді. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру бойынша облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу жөнінде жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Жалпы өңірлік өнім 2013 жылдың бірінші тоқсанында 5 пайызға өсті немесе 116,5 млрд. теңге болды. Жан басына шаққанда 201,2 мың теңгенің тауарлары шығарылды және қызметтері көрсетілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 11,8 пайызға көп.
Тұтастай алғанда, облыс экономикасының өсімі өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда өнеркәсіп өндірісінің – 26,8 пайызға, сауданың – 25,7 пайызға, көліктің 13,3 пайызға өсуі есебінен қамтамасыз етілді.
Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуында оң серпін байқалады. Бүгіндері экспортты әртараптандыруға және тұрғындарды жұмыспен қамтуға негіз болып отырған ауыл шаруашылығы облыс дамуының басты бағыты болып табылатындығы кездейсоқтық емес. Облыс тұрғындарының жартысынан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан бұл саланы дамытудың әлеуметтік және экономикалық маңызы зор. “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы бойынша қазір елді мекендерге 156 маман тартылып, бәрі де көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етілді. Оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жылдық 0,01 пайызбен жеңілдікті несие беріледі.
Аграрлық сектордағы табыстар, ең алдымен, Мемлекет басшысының аграрлық кешенді қуатты қолдау жөніндегі саясатына негізделіп отыр.
Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында: “Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын экспорттаушылар қатарына кірдік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам шығара аламыз”, – деп атап көрсеткен болатын.
Облыстың астық өндірісі – экономиканың басты секторы.
Әлемдік астық рыногында ұзақмерзімді сұраныстың арту үрдісі экспортқа бағытталған астық өндірісін дамыту қажеттігін алға тартады. Үстіміздегі жылы облыста 3,6 миллион гектар жерге дәнді дақылдар себілді.
Облыс аграршылары егіншілік мәдениетін арттыру және техникалық қайта жарақтану бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Соның нәтижесінде 3,5 миллион гектардан астам алқапта дәнді дақылдар өсірудің жаңа ресурс үнемдеу технологиясы игерілді.
Үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер сомасы 8,7 миллиард теңге болатын 658 бірлік жаңа осызаманғы техника сатып алды, машина-трактор паркі 67 жоғары өнімді егіс кешенімен, 74 астық жинау комбайнымен, 200 трактормен, 81 астық тұқымсепкішімен, 44 дестелеу жаткасымен және т.б. техникалармен толықты.
Машина-трактор паркін жаңартуға мемлекет тарапынан қолдаудың өсе түсуі септігін тигізуде. Үстіміздегі жылдың алты айында “ҚазАгроФинанс” АҚ-ы арқылы агролизинг шартымен 3,9 миллиард теңге сомасына 231 жаңа техника бірлігі сатып алынды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,3 есе көп. Техника паркін жаңартуды талдау көрсеткеніндей, әрбір төртінші техника агролизинг шартымен сатып алынады.
Агроқұрылымдарды астық сақтайтын сыйымдылықтармен қамтамасыз етуге айрықша назар аударылуда. Мәселен, үстіміздегі жылдың 6 айында облыстың агроқұрылымдары сыйымдылығы 39 мың тонна болатын екі элеваторды пайдалануға берді. Жыл аяғына дейін 150 мың тонналық тағы да 8 сақтау нысандарын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығын қолдау үшін егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдеріне демеуқаржы беруге мемлекет қомақты қаржы бөледі. 2013 жылы бюджеттен ауыл шаруашылығы өндірісіне бөлінген демеуқаржы сомасы 27 пайызға артып, 9,8 миллиард теңгені құрады.
Техникаларды жаңартумен қатар, өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау жөнінде шаралар қолданылуда. Зиянкестерге қарсы 690,8 мың гектар өңделді, 312,7 мың гектар алқапта өсімдік ауруларымен күрес жүргізілді. Тұтастай алғанда, 3662,3 мың гектар аумақта химиялық отау жасалды.
Облыста егіншілікті әртараптандыру, оны бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған дақылдарды өсіруге қайта бағдарлау бойынша мақсатты жұмыстар атқарылуда. Соған байланысты биыл майлы дақылдар 439,5 мың гектар алқапқа егіліп, оның аумағы 68 мың гектарға ұлғайтылды.
Мал шаруашылығын дамыту үшін мақсатты жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатпен ірі қара етінің экспорттық әлеуетін арттыру бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Үстіміздегі жылы Қызылжар ауданындағы “Абакшино” және Есіл ауданындағы “Московское” ЖШС-лерінде 321 басқа арналған 2 асылтұқымды мал репродукторы құрылды. Шетелдерден әкелінген малдар есебінен 900 басқа арналған асылтұқымды мал репродукторларын ашу жоспарланып отыр. Тайынша ауданындағы “Тайынша Астық” ЖШС-інде 3 мың малға арналған бордақылау алаңшасы ашылды және “ПЗ Алабота” ЖШС-інде 400 малға арналған осындай алаңша ашылмақ.
Фермерлік шаруашылықтар мал басын сатып алуды белсене жүргізуде. Үстіміздегі жылы 3,4 мың ірі қара төлдерін сатып алу көзделсе, бүгіндері өңірімізге 13,3 мың бас жеткізілді.
Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 34,3 мың тонна ет (бұл 2012 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 5,5 пайызға көп) 208,2 мың тонна сүт (6,2 пайызға көп), 235,1 миллион дана (16,9 пайызға көп) жұмыртқа өндірілді.
Жыл сайын ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция көлемі ұлғайып келеді. Мәселен, өткен жылдың бірінші жартыжылдығында оның көлемі 12,2 миллиард теңге болса, биылғы бірінші жартыжылдықта 1,3 есе өсіп, 17,2 миллиард теңге болды.
Ауыл шаруашылығына жұмсалған инвестиция 500-ге жуық жұмыс орны ашылған 17 жобаны пайдалануға беруге мүмкіндік туғызды. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 29,9 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7 пайызға өсті.
Үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығында облыс экономикасын одан әрі әртараптандыру, тұрақты экономикалық өсімнің іргетасы ретінде өңіріміздің агроөнеркәсіптік кешенін жаңғырту, индустрияландыру және интенсивтендіру бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.
2013 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындары сомасы 67,9 миллиард теңге болатын өнімдер шығарды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,5 пайызға артық.
Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең көп үлеске ие (72,4 пайыз) өңдеу өнеркәсібінде 49,1 миллиард теңгенің өнімдері өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштен 4,7 пайыз көп.
2013 жылдың қаңтар-маусым айларында тағам өнімдерінің өндірісі 30,6 миллиард теңге болды, заттай мөлшерде ет пен тағамдық қосымша өнімдер өндірісі 23,0 пайызға, құс еті – 47,2 пайызға, өңделген сүт – 72 пайызға, рапс майы – 93,3 пайызға, жаңа піскен нан – 6,7 пайызға, кондитер өнімдері 28,2 пайызға өсті.
Үстіміздегі жылы “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры” акционерлік қоғамының құрамына кіретін Ұлттық компаниялар облыс кәсіпорындарынан жалпы сомасы 11,7 миллиард теңгенің өнімдерін жеткізуге 78 контракт жасасты, оның ішінде: “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ – 5,7 миллиард теңгеге; “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ шамамен 6 миллиард теңгеге. Жасалған контрактілер шеңберінде 6,7 миллиард теңгенің өнімдері шығарылды, 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 1,6 есе болды. Мұның бәрі машинажасау саласының дамуына оң ықпал тигізді, тұтастай алғанда облыс бойынша өндіріс көлемінің 2,4 пайызға өсуі қамтамасыз етілді және 12,6 миллиард теңгені құрады.
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында жалпы инвестиция көлемі 40,8 миллиард теңге болатын 30 индустриялық-инновациялық жоба жүзеге асырылуда және жоспарлануда.
Бүгіндері Индустрияландыру картасы аясында 26 жоба жүзеге асырылды. 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосылған жобалар облыс өнеркәсібіне 8 миллиард теңгеден астам үлес қосты.
Үстіміздегі жылы “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігі “Сүт өңдеу кешенінің құрылысы” жобасын пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Облыстағы машинажасау кешенінің кәсіпорындары мұнай-газ, темір жол, энергетика кешендері үшін өнімдер шығару бойынша жоғары әлеуетке ие.
“ПАМЖЗ” АҚ, “ЗИКСТО” АҚ, “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ, “Мұнаймаш” АҚ кәсіпорындары осызаманғы, жоғарыөнімді қондырғылармен жарақтану арқылы өндірісін жаңғыртуда. Жетекші салалар үшін зауыттар шығаратын қондырғылардың негізгі түрлерінің бәсекеге қабілеттілігінің артықшылығы техникалық параметрлері мен сапасының барынша жоғары деңгейімен, дайындауда жаңа технологияны пайдаланумен және сәтті конструкторлық шешімдермен ерекшеленеді.
“Мұнаймаш” АҚ өткен жылы “Өнімділік – 2020” бағдарламасы шеңберінде құны 1,5 миллиард теңгелік “Мұнай өнеркәсібі бұйымдарын механикалық өңдеу өндірісін жаңғырту” жобасын жүзеге асырды. Әлемдік стандарт бойынша жаңа қондырғының 12 станогы орнатылды. Қазақстанның мұнай компаниялары үшін ұңғымалық мұнай сорғылары шығарылуда. Бүгіндері зауыттың 100 пайыздық жүктемесі бар.
“ПАМЖЗ” АҚ сомасы 1 миллиард теңгеге жуық гидроэлектр станциясына энергетикалық қондырғылар жасау мақсатында өндірісті жаңғырту бойынша жобаны жүзеге асыруға кірісті, ол кәсіпорынды жаңа деңгейге көтереді.
“С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өндіріс көлемін 1,4 есе арттырды. Кәсіпорын жоғары технологиялық қондырғыларды пайдалану арқылы өнімнің жаңа түрлерін шығаруда. Зауыт мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, 2011 жылы “Бизнестің жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 81 миллион теңге сомасында, 2012 жылы “Даму-Өндіріс” бағдарламасы бойынша 78 миллион теңге сомасында өндірісті жаңғыртты. Қазір кәсіпорын сомасы 261 миллион теңге болатын доңғалақты техника мен электр сигналбергіш қондырғы өндірісін жаңғырту бойынша жобаларды жүзеге асыруда.
Индустрияландыру картасы шеңберінде өнеркәсіп өнімдері өндірісінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету, индустриялық-инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мониторинг жүргізу, қазақстандық мазмұнды дамыту бойынша жұмыстарды атқару 2013 жылдың екінші жартыжылдығындағы негізгі міндеттер болып табылады.
Кәсіпкерлікті дамыту бағытында Солтүстік Қазақстан облысында қолайлы бизнес-климатты қолдауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Облыста “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. 2013 жылы республикалық бюджеттен демеуқаржы және банк несиелеріне кепілдік түрлерінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, бизнесті жүргізу бойынша сервистік қызмет көрсету, оқу өткізу үшін 1,1 миллиард теңге бөлінді.
2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өңірлік үйлестіру кеңесі “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде бюджеттік қолдау көрсету жөнінде кәсіпкерлік субъектілерінің 67 өтінішін мақұлдады.
Бағдарламаның “Жаңа бизнесбастамаларды қолдау” бірінші бағыты бойынша:
– 2,6 миллиард теңгелік 42 несиенің пайыздық мөлшерлемесіне демеуқаржыға;
– сомасы 340,3 миллион теңгелік 7 несиеге кепілдікке;
– 430,9 миллион теңгеге 7 нысан бойынша (13 өтінім) өндірістік инфрақұрылымды дамытуға қаржы бөлінді.
Бағдарламаның “Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін азайту” үшінші бағыты бойынша:
– сомасы 435 миллион теңгелік 5 несие бойынша пайыздық мөлшерлемеге демеуқаржы берілді.
2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 98,8 мың адам болды. Облыстың әрбір бесінші тұрғыны шағын және орта бизнеспен айналысады.
2013 жылдың алты айында сомасы 122,2 миллиард теңгенің өнімдері (тауарлары мен қызметтері) шығарылды, өсім 0,1 пайыз болды.
Инфляция 2 пайыз (ел бойынша – 2,7 пайыз). Азық-түлік тауарлары 1,6 пайызға (ел бойынша – 1,7 пайыз), азық-түліктік емес тауарлар 1,1 пайыз (ел бойынша – 1,1 пайыз), ақылы қызметтер 3,4 пайызға (ел бойынша – 5,4 пайыз) қымбаттады.
Инфляция деңгейін ұсынылған 6-8 пайыз “дәлізінде” ұстау үшін облыста жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері бөлшек сауда кәсіпорындары мен сауда нүктелеріне тура жеткізіледі.
Ірі сауда кәсіпорындарымен және базарлармен ішкі рынокты негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және оларға бағаны тұрақтандыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жөнінде жұмыстар ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілуде, оларда облыс тұрғындары нарықтағы орташа бағадан төмен бағамен өнімдер сатып алу мүмкіндігіне ие.
Облыстың азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры құрылды. “Солтүстік” ӘКК” АҚ 2011-2013 жылдары 4312 тонна азық-түлік сатып алды.
Тауарлық интервенция жүзеге асырылып, тұрақтандыру қорынан 2743 тонна мөлшерінде тағам өнімдері тұтыну базарларында сатылды.
Облыс базарларындағы баға жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады.
Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 31 миллиард теңгеге жетті, ол 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 114,5 пайыз болды.
Инвестицияның негізгі көздері – кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың өз қаржысы (72,6 пайыз), бюджет қаржысы (19,6 пайыз) және заемдік қаржы (7,8 пайыз).
Инвестициялар тарту жөніндегі жұмыс облыстың тиісті мемлекеттік органдары мен салалары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Құрылыс саласында тұрғын үй құрылысы проблемасын кешенді шешу және халықтың барлық санатына тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға жағдай жасау, оның ішінде “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы шеңберіндегі жұмыстар жалғасуда. 2013 жылы облыста 110 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
2013 жылы тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған санаты үшін жалға беру-коммуналдық тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 700 миллион теңге бөлу қарастырылған. Бөлінген қаржы есебінен жалпы аумағы 13,8 мың шаршы метр 7 үйдің (399 пәтер) құрылысы жүргізілуде, оның ішінде екі үй Петропавл қаласында (175 пәтер) және үш үй (80 пәтер), ауылдық жерлерде (50 пәтерлі үй Тайынша қаласында, 18 пәтерлі үй Мамлютка қаласында, 12 пәтерлі үй Тимирязево ауылында) салынуда. Петропавл қаласында екі үйдің (144 пәтер) құрылысын бастау көзделген. 5 тұрғын үй үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға берілмек.
Жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер салуға 470 миллион теңге бөлінген. Осы бөлінген қаржы есебінен Петропавл қаласының “Береке” шағынауданында жас отбасыларға 8 тұрғын үй (бір – 75 пәтерлік, үш – 27 пәтерлік, үш – 15 пәтерлік) және Тайынша қаласында 24 пәтерлік тұрғын үй салынуда, олардың жалпы аумағы 12,1 мың шаршы метр. Салынып жатқан 75 және 24 пәтерлік тұрғын үйлерді үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
“Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі” акционерлік қоғамының салымшыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 520 миллион теңге сомасында қаржы бөлінді.
Бөлінген қаражат есебінен Петропавл қаласында жалпы көлемі 12,9 шаршы метр болатын 3 тұрғын үйдің (190 пәтер) құрылысы жүргізілу үстінде. 90 және 55 пәтерлік тұрғын үйлерді үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланған.
Тұрғын үй құрылысының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту аясында 1,6 млрд. теңге қарастырылған. Бөлінген қаражат есебінен Петропавл қаласындағы “Береке” шағынауданында және ауылдық жерлерде инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысы және үйлерге жақын орналасқан аумақтарды көгалдандыру көзделген.
2013 жылдың екінші жартыжылдығында тұрғын үй құрылысы саласы алдында тұрған негізгі міндет – облыстың тұрғын үй құрылысының көлемін жоспарланған межеге жеткізу және бөлінген бюджет қаражатын дер кезінде игеру шараларын орындау.
Тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін “Ақ бұлақ” бағдарламасы аясында 2013 жылы облысымыздың елді мекендерін сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге – 2,6 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2,4 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 186,4 млн. теңге бөлінген.
Бұл қаражатқа 152,5 шақырым су құбырларының құрылысы мен қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жыл қорытындысы бойынша 9 сумен қамтамасыз ету нысаны пайдалануға беріледі. Облыстың 1,4 мың тұрғыны бар 2 елді мекеніне ауызсу беру, сонымен қатар, 20 мыңға жуық адам тұратын 6 ауылды сумен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту жоспарлануда.
Облыстың автомобиль жолдары желілерін жақсарту мен дамыту – айтарлықтай қомақты қаржыны қажет ететін мемлекеттік маңызды міндет.
Жолдарды жөндеу үшін 2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық қаражат бөлінді.
Үстіміздегі жылы жалпы құны 12,2 млрд. теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, оның ішінде 6,9 млрд. теңге – республикалық маңыздағы жолдарға, 5,3 млрд. теңге жергілікті маңыздағы жолдарға жұмсалмақ.
2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 4 млрд. теңгенің автожолдарды қайта қалпына келтіру, күрделі, орта және ағымдағы жөндеу мен қалпында ұстау жұмыстары атқарылды, оның ішінде 2,1 млрд. теңгеге республикалық маңыздағы жолдар және 1,9 млрд. теңгеге жергілікті маңыздағы жолдар жөнделді. Автожолдарды қалпында ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстары 640,6 млн. теңгеге атқарылды.
“Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша жалпы құны 137,3 млн. теңгеге аудандық маңыздағы жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығындағы негізгі міндет – жоспарланған қаражатты толық игеру және ол жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қадағалау.
Одан басқа, “Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалово” бағытында 9,4 шақырым жолды қайта қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстарды орындау жоспарлануда.
Облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруда орташа айлық еңбекақы мөлшерінің тұрақты өсуі негізгі көрсеткіш болып табылады.
2013 жылдың 6 айы ішінде облыста нақты орташа айлық еңбекақы 71216 теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден 7,1%-ға артық. Осындай жағдайда ол ауыл шаруашылығында 13,8% өсіммен 49677 теңгені құрады, өнеркәсіпте 70188 теңгеге (17,2%), құрылыста 67410 теңгеге (10,8%), саудада 57695 теңгеге (4,3%), көлікте 101561 теңгеге (8,8%), қаржы және сақтандыру қызметінде 112948 теңгеге (8,8%), білім беру 61277 теңгеге (0,1%), денсаулық сақтау 76755 теңгеге (3,9%) жетті.
“Жұмыспен қамту – 2020” Жол картасының барлық бағыттары табысты жүзеге асырылуда. 2013 жылы аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға 4,2 млрд. теңге бағытталды.
Бағдарламаның “Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылымды дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету” бірінші бағыты аясында жыл бойына 93 инфрақұрылымдық жоба әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу және аудандық маңыздағы автожолдарды жөндеу бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 29 нысанда жөндеу жұмыстары басталып, 439 жұмыс орны құрылды.
“Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру” екінші бағыты аясында ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры 300 адамға 600,0 млн. теңге көлемінде несие беруді жоспарлап отыр. Бірінші жартыжылдықта 353,1 млн. теңгеге 164 несие берілді. Кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйрену бойынша 80 адам дәріс алды.
“Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу” үшінші бағыты бойынша 2013 жылы 340 адамды кәсіби оқуға, 763 адамды жастар тәжірибесінен өтуге, 610 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу қарастырылған.
Қазіргі таңда кәсіби оқуға 231 бағдарламаға қатысушы жолдама алды. Жұмыс берушілердің белсенді қолдауының арқасында әлеуметтік жұмыс орындарына 726 адам орналасты. Жастар тәжірибесінен өтуге 153 адам жолданса, мәліметтер базасындағы бос жұмыс орындарына 218 адам жіберілді.
“Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы жұмыс берушілердің қатысуымен қанатқақты тәртіпте жүзеге асырылатын болады. Бұл мақсаттарға облыстың 7 ауданында 82 пәтерлік 60 үйдің құрылысын жүргізу үшін үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен 514,9 млн. теңге бөлінді.
2013 жылдың бірінші жартыжылдығында қолданылған шаралардың нәтижесінде 8 мың жаңа жұмыс орны құрылып, 16,2 мың адам еңбекпен қамтылды, қоғамдық жұмыстарға 2918 жұмыссыз тартылды.
Жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайызға кеміді және 5,3 %-ды құрады. Тіркелген жұмыссыздар саны 1466 адамды құрады, бұл 2012 жылдың сәйкес мерзімінен 231 адамға кем және облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының 0,4%-ы (2012 жылғы 1 шілдеде 0,5%).
Солтүстікқазақстандықтардың кірістері мен өмір сүру деңгейін арттыру нәтижесінде тұрғындар мен заңды тұлғалардың ақшалай қаражатының көлемі 21,7%-ға артып, 57,1 млрд. теңгені құрады. Берілген несие көлемі 20,8%-ға өсіп, 51,2 млрд. теңгеге жетті.
Облыста банкоматтар, pos-терминалдар саны көбейгені байқалады. Пластикалық карточкаларды қолданушылар саны 237,4 мың адамға дейін өсті.
Алдағы уақытта да облыстың депозиттік базасын ұлғайту, кредиттік салым көлемін арттыру, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нарығын дамыту бойынша шаралар жалғасатын болады.
Әлеуметтік салада да оң серпін байқалады. Облыстың 60%-ға жуық бюджеті әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған.
Білім беру саласын дамытуға 36 млрд. теңге қарастырылған, бұл өткен жылғы деңгейден 1,1%-ға артық.
Бұл салада балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты “Балапан” бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.
Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында Петропавл қаласында және Есіл ауданында 62 орынға шақталған 2 шағын орталық ашылды, сондай-ақ қолданыстағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 238 орынға кеңейтілді (Петропавл қаласында – 68 орын, Қызылжар ауданында – 55 орын, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда – 15 орын, Уәлиханов ауданында – 19 орын, Ақжар ауданында – 31 орын және Айыртау ауданында – 50 орын).
Үстіміздегі жылдың соңына дейін қосымша 4 мектепке дейінгі білім беру мекемелерін пайдалануға беру және қолданыстағыларды кеңейту есебінен 600-ден астам баланы орынмен қамтамасыз ету жоспарланған. Бүгінгі таңда өңірімізде бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамту 88,6%-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (82%) салыстырғанда 6,6%-ға көп.
Білім беру нысандарының құрылысы жалғасуда. Жергілікті бюджет есебінен Жамбыл ауданындағы негізгі мектептің құрылысы жүріп жатыр, Петропавл қаласындағы ғимарат балабақшаға лайықталып қайта қалпына келтірілуде, Ақжар ауданындағы Қулыкөл ауылында “Жұмыспен қамту – 2020” Жол картасы бойынша 75 орындық балабақша ғимараты қалпына келтірілуде. Бұдан басқа, Мамлют ауданындағы Мамлютка қаласындағы мектеп құрылысына республикалық бюджеттен 43,1 млн. теңге бөлінді.
Елбасының тапсырмасына сәйкес Петропавл қаласында 120 балаға шақталған жатақханасы бар 720 орындық химия-биология бейініндегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Білім беру нысандарын материалдық жабдықтау да назардан тыс қалған емес. Жергілікті бюджет есебінен білім беру жүйесін ақпараттандыруға 47 млн. теңге қарастырылды. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді алуға және жеткізуге 215 млн. теңге бөлінді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 619,2 млн. теңге, күрделі жөндеу жүргізу және жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге 780,7 млн. теңге қарастырылды.
Жаңа буынды ақпараттық-білім беру жүйесінің “ОқуNet.kz” жобасы табысты жүзеге асырылуда, оған 206 білім беру ұйымы қол жеткізіп отыр.
2012-2013 оқу жылының қорытындысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа облыстық көрсеткіші 77,4 балды құрады, бұл өткен 2011-2012 оқу жылының көрсеткіш деңгейінен 1 балға кем.
Білім беру саласының 2013 жылғы екінші жартыжылдығындағы негізгі міндеттері – мемлекеттік “Білім беруді дамыту” бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру және балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамтамасыз ету бойынша 2010-2014 жылдарға арналған “Балапан” бағдарламасын орындау.
Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 23 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, бұл өткен жылғыға қарағанда 1,3 есеге көп.
Оның ішінде 3,9 миллиард теңге Есіл ауданының Явленка ауылындағы, Аққайың ауданының Смирново ауылындағы, М.Жұмабаев ауданының Булаево қаласындағы және Шал ақын ауданының Сергеевка қаласындағы 4 аудандық емхананың құрылысына бөлінген.
Денсаулық сақтаудың 15 нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 355,9 миллион теңге, ал материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың маусым айында бюджетті нақтылау кезінде денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге қосымша 96 миллион теңге бөлінді. Денсаулық сақтау саласын дамытудың “Саламатты Қазақстан” мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру аясында келесі көрсеткіштер бойынша оң серпін байқалуда:
– жалпы өлім-жітім 1,9% төмендеді, 1000 тұрғынға шаққанда 14,11-ден 13,84-ке дейін;
– бала өлімі 3,5%-ға азайды, 1000 тірі туған сәбиге шаққанда 11,59-ден 11,19-ға дейін;
– туберкулезден өлім-жітім 8,8% төмендеді, 100000 адамға шаққанда 3,4-тен 3,1-ге дейін (20-дан 18 оқиғаға дейін);
– ана өлімі тіркелген жоқ (2012 жылы – 1 оқиға);
– дәрігер кадрлармен қамтамасыз етілу көрсеткіші 0,4%-ға өсті, 10000 тұрғынға 25,0-ден 25,1-ге дейін.
Әлі де 238 дәрігер тапшылығы бар, соның ішінде ауылға 83 дәрігер жетіспейді (облыстың Қызылжар ауданынан басқа аудандарында 3-тен 18-ге дейін), бұл ретте маман тапшылығы Жамбыл ауданында – 18, Тимирязев ауданында – 10, Есіл ауданында – 9.
2013 жылдың 6 айында 59 аорто-коронарлық ұштастыру отасы, 256 стенттеу жасалды.
2013 жылдың екінші жартыжылдығында денсаулық сақтау саласын дамытудың “Саламатты Қазақстан” мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру, медицина кадрларының тапшылығын қысқарту және жас мамандарға қажетті жағдай жасау, ана мен бала денсаулығын қорғау, ана мен бала өлімін төмендету, әлеуметтік маңызды ауруларды және одан болатын өлімді азайту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Әлеуметтік жаңғырту идеяларын алға жылжыту және еңбек қоғамын қалыптастыруда мәдени құрам маңызды мәнге ие.
Үстіміздегі жылы мәдениет саласын дамытуға 1,9 миллиард теңге қарастырылды.
2013 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс аудандарында қосымша 2 мәдениет нысаны ашылды. Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі шаралар жүргізілуде. Бұл мақсатқа 2013 жылы 58,6 миллион теңге бөлінді. Үстіміздегі жылдың соңына дейін 18,9 миллион теңгеге тағы да 8 мәдениет нысанын жаңарту жоспарланған.
Спортты дамытуға да айтарлықтай мемлекеттік қолдау көрсетілуде. 2013 жылы спорт саласын дамытуға 1,7 миллиард теңге қарастырылған, бұл 2012 жылғыға қарағанда 6,3%-ға көп.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, облыс аумағында 162 мың адамды қамтыған 620 спорттық-бұқаралық шара өтті. Есепті кезеңде республикалық және халықаралық жарыстарда олимпиадалық спорт түрлері бойынша 86 медаль, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 94 медаль жеңіп алынды.
2013 жылы күрделі жөндеуге 50,3 миллион теңге бөлінді.
Екінші жартыжылдықта республикалық және облыстық маңыздағы спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу, спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту міндет болып қала бермек.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі көрсеткіштерге бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін орындау жөніндегі жүйелі жұмыстың арқасында қол жеткізілді. Атқарушы органдардың мақсатты және жүйелі жұмысы 6 айдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттің нақтыланған жоспарын 102,1% орындауға мүмкіндік берді (республикалық бюджеттің трансфертін, жекешелендіруді және заемдарды есептегенде) немесе 54,3 миллиард теңге түсті.
2013 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша өзіндік кіріс 12,5 миллиард теңгені құрады немесе нақтыланған жоспар 109,9% орындалды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегіден 11,2% немесе 1,3 миллиард теңгеге артық.
Сонымен қатар, екінші жартыжылдықта орындалуы бюджеттік қаржыландыруға байланысты әлдеқайда ауқымды міндеттер тұр. Бұл үшін облыстың жергілікті атқарушы органдарының жұмысы бюджеттің кіріс бөлігінің жоспарын толық және сапалы орындау мен шығыс бөлігін тиімді орындауға шоғырландырылмақ.
Жалпы, бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша облыстың негізгі көрсеткіштерінде өсім мен дамудың оң серпіні байқалып отыр.
Бұл – барлық мемлекеттік органдар мен бизнестің бірлескен жұмысының нәтижесі. Әйтсе де, өңірдің алдында тұрған және облыс тұрғындарын толғандыратын, бүгінгі күн тәртібінде қалып отырған белгілікті мәселелер бар. Оларды шешу – біздің ортақ міндетіміз.
Атқарушы органның, депутаттық корпустың және қоғамның жүйелі және мақсатты жұмысын жалғастырудың арқасында облыс экономикасының барлық салаларын одан әрі дамыту қамтамасыз етілетініне сенімдімін.
Ол үшін біздің бар күшіміз бен мүмкіндігімізді жұмылдыруымыз, еліміз бен болашақ ұрпақтың гүлденуі үшін бірлесуіміз қажет.