«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҒЫНЫШ САЗЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елеңдеп жүрек,
Ыстық бір сезім бойымды,
Кернеген шақта алданыш аңсап іздеген,
Әлемді іңкәр сезімге бөлеп қайтқандай,
Сабасын басар сарғайып жеткен күз деген.

Алаң ғып ойды,
Ақ тамшы жерді ұңғылап,
Қабағы қатқан келбеті қырдың құлдырап.
Даланың төсін жанай бір өтсем дегендей,
Жылжиды сұрғылт қорғасын бұлттар тұнжырап.


Алаңдап аңсап,
Кезімен өткен күндерді,
Жабырқау көңіл көктемнен күдер үзбеді.
Жалғанған жолға жапырақ болып жайылған
Жалынды жырдың жылуын жүрек іздеді.

Осы бір шақты,
Осы бір жылдың мезгілін,
Ынтызар болып аңсаған лаулап бір демде.
Ғажайып тылсым ғаламға құштар
іңкәрлік.
Сезімі от боп лапылдап тұрды кеудемде.

Көңілдің медеу,
Ақ үміт оты жағылып,
Бойыма қанмен тұрғандай тарап ағылып,
Ғұмырдың өрген өрмегін жалғап жататын,
Қарсы алам күзді осылай жылда сағынып.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp